«ҒАСЫРЛЫҚ ҒҰМЫР ТАҒЫЛЫМЫ» атты семинар
Семей қаласы, №16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сай ақпанның 22 жұлдызында «Ғасырлық ғұмыр тағылымы» атты ҚҒА академигі, профессор Т.Ы.Амановтың туғанына 100 жыл толуына орай жетекші мектеп ретінде магнитті Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебіне өзара белсенді қарым-қатынас жасай отырып, мұғалімдердің кәсіби өсіп, қалыптасуына ықпал ету мақсатында семинар өткізді. Тірек мектебінің координаторы Г.К.Негмеджанованың ұйымдастыруымен тәжірибелі ұстаздар педагог-зерттеуші, математика пәні мұғалімі Ж.Е.Нурбаева, педагог-зерттеуші, информатика пәні мұғалімі К.Ж.Тлегенова, педагог-зерттеуші, мектеп психологы Г.Ж.Торсыкбаева, педагог-шебер, қазақ тілі пәні мұғалімі Л.Т.Оспанова, IT маманы, информатика пәні мұғалімі А.М.Шақарманов өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың алғы сөзін Түрксіб мектебінің директоры Д.А Омаров бастап, мектептің тынысы таныстырып шықты. Тірек мектебінің координаторы Г.К.Негмеджанова семинар мақсаты, жоспармен таныстырды. Семинарда сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, коучингтер өтті. Семинардың соңы кері байланыспен аяталып, қатысқан мұғалімдер ризашылығын білдірді.



