05
May
2023
Мархаметов ЖоMarch Базенұлы атындағы қалалық ХІV математика пәні олимпиадасы
Бүгін Семей қаласының №16 орта мектебінде ұлы математик, ұлағатты ұстаз, ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі Мархаметов ЖоMarch Базенұлы атындағы қалалық ХІV математика пәні олимпиадасының ашылу салтанатына қатыстым. Бұл салтанатқа қатысуым кездейсоқ емес.
Себеі ЖоMarch Базенұлы осыдан 25 жыл бұрын маған математикадан Дарын мектебінде сабақ беріп, осы пәнді жан-жақты жетік меңгеру үшін көптеген кеңестер мен түрлі тәсілдердің сырын ашқан ұстазым. Оған қоса мені олимпиадаға да дайындаған ерекеше асыл тұлға еді. Ол кісіге деген алғысым шексіз!
ЖоMarch Базенұлы ұзақ жылғы педагогикалық еңбектері үшін 1991 ж. ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталып, ал 1993 ж. «Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру ісінің үздігі» атағына ие болды. 1999 ж Астана қаласында өткен Республикалық «Қазақстан жыл мұғалімі – 99» сайысына қатысып, «Қазақстанның ең тәжірибелі мұғалімі» номинациясын жеңіп алды.
Өкінішке орай 2007 жылдың қараша айында ЖоMarch Базенұлы өмірден өтті. 2008 жылы Ж.Базенұлы атындағы кабинет ашылып, осы жылдан 5-7 сынып оқушылар арасында математика пәніне олимпиада өткізіп келеді. Бүгін олимпиадаға 400-ге жуық жас математиктер қатысуда. Жылдан жылға қатысушылардың санының артуы өте қуанышты, себебі математика – ғылымдардың патшасы. Осы орайда келесі шумақ өлең еске келді:
«Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның»
