08
September
2023
Футбол алаңының ашылу салтанаты
"Тоғыз айға 9 іс-шара" тұжырымдамасы негізінде "Сергіту сәті" тақырыбы бойынша мектебімізде челлендж өткізілді. Шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына келтіру,дене бітімі бұзылудың алдын алу мақсатында оқушыларымыздың көптен күткен футбол алаңының ашылу салтанаты өтті. Футбол алаңының ашылу салтанатының лентасын қию Абай облысы " Дарын" орталығының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының өлкетану, туризм және спортты дамыту бөлімінің басшысы Мурсалимов Рафаэль Мухаметгалиевичке ұсынылды. Іс-шараның жалғасы білім алушылардың жаттығу жасауымен және сайыстармен жалғасты.
