24
October
2024
«Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімі
Мектебімізде жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын салтанатты шара – «Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Бұл күні оқушылар ұйым қатарына қосылып, ел болашағы үшін жауапкершілік пен адалдық антын қабылдады. Жаңа мүшелер ұйымның белгілерін тағып, достық пен бірлікке негізделген маңызды қадам жасады. «Жас қыран» ұйымына қабылдану – әр оқушының ерік-жігерін шыңдап, патриоттық сезімін дамытуға жол ашады.
