23
October
2024
Қазақстанның болашағы көрме
Республика күніне орай «Қазақстанның болашағы» атты көрме өтті. «Қазақстанның болашағы» атты көрме оқушылардың шығармашылық қабілеттерін танытуға және елге деген сүйіспеншілігін білдіруге тамаша мүмкіндік берді. Көрмеде ұлттық рәміздер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, табиғат көріністері мен мәдениеті бейнеленген түрлі суреттер қойылған. Әр сурет оқушылардың Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімі мен мақтанышын көрсетеді. Туындылар арқылы оқушылар қазақ елінің бай мұрасын, табиғатының сұлулығын және елді дамыту жолындағы армандарын жеткізген. Мұндай көрмелер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтуға ықпал етеді.
