“Ананың жүрегі” атты аналар мен қыздарға арналған тренинг
6 наурыз күні “Ананың жүрегі” атты аналар мен қыздарға арналған тренинг өтті 6 наурыз күні мектепте педагог-психолог Баяндинова Үміт Данияровнаның ұйымдастыруымен “Ананың жүрегі” атты аналар мен қыздарға арналған тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты — аналар мен қыздар арасындағы түсіністік пен сүйіспеншілікті нығайту, олардың бір-біріне деген сенімін арттыру болды. 💖
Тренинг барысында қатысушыларға аналық махаббаттың таусылмас қазына екенін ұғындыратын әсерлі әңгімелер мен психологиялық жаттығулар ұсынылды. Аналар мен қыздар бір-біріне арнап жүрекжарды тілектерін айтып, өз сезімдерін ашық білдірді. Сонымен қатар, сенім мен қолдаудың маңыздылығы жайлы пікір алмасып, отбасыдағы өзара түсіністікті сақтауға бағытталған кеңестер алды.
Жаттығулар арқылы аналар мен қыздар өзара байланыстарын күшейтіп, бір-бірін тереңірек танып-білді. Тренинг жылы әрі шынайы атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.
Осындай жанға жылу сыйлайтын іс-шара үшін Баяндинова Үміт Данияровнаға алғыс білдіреміз! Мұндай кездесулер отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік пен өзара түсіністікті нығайтуға зор ықпал етеді.
