11-сынып оқушыларының дайындығы туралы кеңес
16-мектепте 11-сынып оқушыларының дайындығы туралы кеңес.болып өтті. 16-мектепте директордың жанында 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындығын жақсарту мақсатында пән мұғалімдерімен кеңес өтті. І-тоқсанда алынған әкімшілік бақылау мен байқау сынақтарының нәтижелері талданып, «Алтын белгі» және «Best аттестат» үміткерлерінің жұмысы ерекше қаралды. Пән мұғалімдері дайындықты күшейту үшін қосымша сабақтарды жүйелі әрі сапалы өткізу қажеттігін атап өтті. Жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізу туралы нақты ұсыныстар берілді.