Мұражайға танымдық саяхат
Көктемгі каникул кезінде №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 6”А”, 6"Ә", 6"Б" сыныптары Абайдың "Жидебай - Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби қорық мұражайына танымдық саяхатқа барды. Бұл экскурсия барысында оқушылар қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңіліп, оның мұрасымен жақынырақ танысты.
Саяхат барысында оқушылар Абайдың туған жерін, мұражай кешенін аралап, ақынның өмір сүрген үйін, пайдаланған заттарын көріп, тарихи деректермен танысты. Сонымен қатар, оларға Абайдың әдеби мұрасы, оның қазақ мәдениеті мен ағартушылық жолындағы рөлі туралы қызықты ақпараттар берілді.
Бұл танымдық экскурсия оқушылардың қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылығын арттырып, Абайдың рухани мұрасын терең түсінуге мүмкіндік берді. Сапар соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, мұражайдан ұмытылмас естеліктермен оралды.
Сынып жетекшілері: Токтарова А.Т., Байгульжина Ж.М., Адильбекова Ж.Е.
