Әдістемелік кеңес » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
31
March
2025

Әдістемелік кеңес

2025 жылғы 31 наурызда 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте әдістемелік кеңес отырысы өтті. Бұл жиын білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Кеңес барысында пәндік онкүндіктердің қорытындылары талданып, STEM-тәжірибелік алаңы аясында білім беру әдістерін жетілдіру мәселелері қарастырылды. МИФ, қазақ тілі мен әдебиеті, жаратылыстану пәні онкүндіктерінің қорытындысы. Кеңестің алғашқы бөлімі МИФ (математика, информатика, физика), қазақ тілі мен әдебиеті, жаратылыстану пәндерінің онкүндіктеріне арналды. Бірлестік жетекшілері А.М. Сұлташева, Р.К. Жұмабекова, М.М. Ақанова онкүндіктер аясында өткізілген ашық сабақтар, шығармашылық жобалар және ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде есеп берді. Teachers мен оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болғаны атап өтіліп, алдағы уақытта осындай іс-шараларды одан әрі дамыту жолдары талқыланды. STEM-тәжірибелік алаңы: инновациялық оқыту әдістері . Кеңестің екінші бөлімінде STEM-білім беру әдістеріне негізделген тәжірибелік жұмыстар ұсынылды. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша STEM-тәсілдемелері негізінде оқыту моделін жетілдіру бағытында тренинг өтті. Teachers интеграцияланған сабақтар арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту жолдары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, «Музыка» және «Көркем еңбек» пәндеріндегі шығармашылық жұмыстарға арналған практикалық тапсырмалар мен жобаларды қолдану мәселелері қарастырылды. Оқушылардың өнер мен техниканы ұштастыра отырып, жаңа жобалар әзірлеуі олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал ететіні айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша мұғалімдерге инновациялық оқыту әдістерін кеңінен қолдану, STEM-жобаларды дамытып, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тәжірибе алмасуды жалғастыру ұсынылды. Мұндай шаралар педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім сапасын жақсартуға септігін тигізеді.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндіктеріне ұстаздар арасында өткен үздік диктант жазған әріптестер марапатталды.  
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив