«Екі жұлдыз» ән байқауы – өнер мен ынтымақтың жарқын көрінісі » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » «Екі жұлдыз» ән байқауы – өнер мен ынтымақтың жарқын көрінісі
16
April
2025

«Екі жұлдыз» ән байқауы – өнер мен ынтымақтың жарқын көрінісі

«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Дене шынықтыру, АӘД және музыка пән бірлестігі онкүндігі аясында ерекше әсерлі, мазмұнды шара – «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Музыка пәнінің мұғалімі Жусанбаева Ғалия Серғазықызының бастамасымен ұйымдастырылған бұл өнер сайысы жоғары деңгейде өтті. Байқауға Шәкәрім университетінің 3 курс студенттері мен Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің 4 курс студенттері белсене атсалысып, мектеп оқушыларымен жұптасып, әсерлі ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шараның басты мақсаты – оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және студенттермен бірлесе жұмыс істеу арқылы музыкалық тәрбие берудің тың жолдарын жүзеге асыру болды. Сонымен қатар, бұл байқау – ұрпақтар сабақтастығы мен өнерге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.

Байқау барысында әр жұп таңдаған әндерін жүрекпен жеткізіп, сахнада нағыз шығармашылық тандемді көрсете білді. Көрермендер әсерлі өнер көрсетілімдерінен ерекше шабыт алды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы марапаттармен, дипломдармен марапатталды. Мектеп әкімшілігі мен бірлестік мұғалімдері байқауды ұйымдастыруға үлес қосқан барлық өнерпаздарға, ұстаздарға және серіктес оқу орындарының студенттеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. «Екі жұлдыз» – бұл жай ғана ән байқауы емес, бұл – жас таланттардың қанат қағар алаңы, өнер мен достықтың тоғысқан тұғыры.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив