Тарих және құқық пәні мұғалімдеріне арналған ІІ облыстық семинар-практикум » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » Тарих және құқық пәні мұғалімдеріне арналған ІІ облыстық семинар-практикум
29
April
2025

Тарих және құқық пәні мұғалімдеріне арналған ІІ облыстық семинар-практикум

   «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес 29.04.2025 күні тарих және құқық пәні мұғалімдеріне арналған ІІ облыстық «Тарихты оқытудың жаңа көкжиектері: заманауи әдістер, өлкетану мен цифрлық технологияларды интеграциялау» тақырыбындағы семинар-практикум өтті. Семинарға облыс бойынша 82 тарих және құқық пәні мұғалімдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің пән бойынша әдіскерлері қатысты.
    Семинар-практикумның мақсаты - тарих және құқық пәндерін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді, өлкетану мен археологиялық материалдарды, мектеп музейлері мен цифрлық технологияларды тиімді кіріктіру арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру мен тарихи танымды дамыту бағытында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
    Тарих пәні әдіскері Алтынгүл Айтказина, №16 Т.Аманов атындағы мектептің директоры Айгул Сатаеваның кіріспе сөздерінен кейін пленарлық бөлімде өңіріміздегі археологиялық олжаларды зерттеуге қатысты Мақсат Еңсеханов (Абай ауданы, Шәкір Әбенов атындағы мектеп), Ақмарал Абдрахимова ( Абай ауданы, Ж. Молдағалиев атындағы мектеп) және Бақытгүл Нуртазина (Жарма ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп) тәжірибелерімен бөлісті.
   Тәжірибелік бөлімде мектеп музейі және өлкетану жасақтарының жұмысын үйлестіру, ХХ ғ. Қазақстан тарихын оқыту ерекшеліктері, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай: іздестіру қызметінің патриоттық тәрбиенің құралы ретіндегі рөлі, құқық пәні бойынша құзыреттіліктерді дамыту, тарихи құндылықтар және «Толық адам» ілімі мәселелері ортаға салынып, Назгүл Имангожина, Амангүл Тоқтарова (№16 Т.Аманов ат. мектеп), Сәния Ахметова (Аягөз ауданы, Б.Майлин мектебі), Арман Муканов, Ернур Кубенов (Бородулиха ауданы, Новопокровка мектебі), Сергей Дерксен(Бородулиха ауданы, Н.Островский ат.мектеп), Алтынгүл Айтказина (облыс бойынша тарих пәні әдіскері), Айжан Идрисова, Дильназ Нуканова (Семей қаласы, №21 мектеп) шеберлік сағаттарын өткізді. Перизат Райстанова мен Тлек Сапышев өткізген «Тарихты оқытудың жаңа көкжиектері»: не үйрендім, не өзгертуім керек және бұл басқаларға қалай көмектеседі?» тақырыбындағы кері байланыс жаттығуы арқылы семинардың тиімділігі анықталды.
Тарих мұғалімдеріне арналған оффлайн іс-шара облыста биыл екінші рет ұйымдастырылды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив