06
May
2025
«Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылMayды!» бірыңғай ерлік сабағы
6 «Б» сыныбында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспары аясында «Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылMayды!» тақырыбында бірыңғай ерлік сабағы өткізілді. Бұл танымдық сабақ оқушыларға өткен тарихымызды тереңірек таныстыруға бағытталды. Іс-шараны сынып жетекшісі Жазира Маратовна және машықкерлер Серікбаева Шұғыла мен Серікқазыева Дания ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, жеңістің халық жүрегіндегі орны түсіндірілді. Батырлардың ерліктері туралы әңгімелер айтылып, олардың есімдері ешқашан ұмытылMayтыны ерекше атап өтілді. Оқушылар соғыс ардагерлерінің естеліктерін тыңдап, патриоттық рухта тақпақтар оқыды. Сонымен қатар, батырлар туралы көрнекі материалдар мен тарихи фотосуреттер көрсетілді. Іс-шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін түсінудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттырады. Ұйымдастырушылардың еңбегі мен оқушылардың белсенділігі арқасында сабақ жоғары деңгейде өтті.
