20
August
2025
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз конференциясы
Абай облысында өткен облыстық тамыз конференциясы ұстаздар қауымының басын қосып, тәжірибе алаңына айналды. Бұл жиынға «Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің» көркем еңбек пәні мұғалімі Арайгүл Серікқалықызы қатысып, өз жұмысын көрмеде ұсынып, әріптестерімен тәжірибе алмасты.
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өткен секциялық отырыста ұстаздың еңбегі лайықты бағаланып, педагогикалық тәжірибесі көпшілік назарына ұсынылды. Мұндай басқосулар мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, шығармашылық ынтымақтастықты нығайтады.
