26
September
2025
9-сыныптар арасында “Полиглот” сайысы
Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай тіл апталығы аясында 9-сыныптар арасында “Полиглот” сайысы өтті. Сайыс барысында қатысушылар бірнеше тілде өз білімдерін сынап, ой-өрістерін, тілдік қорларын және жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Әр кезең мазмұнды өтіп, оқушылар белсенділік танытып, жақсы дайындықтарын байқатты. Жауапты: ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Ахметкалиева М.Н. Аскаткызы В. Мухаметжанова А.Д


