30
September
2025
«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» ардагер ұстаздармен кездесу
Ұстаздар күніне орай «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өтті. Кездесуге бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне, білім беру ісіне арнаған Жумагүл Кабдрахманқызы мен Айгул Уасиловна қатысты. Ұстаздар өмір жолы мен ұстаздыққа келулері туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті. Оқушылар ұстаздық құндылықтар жайлы сұрап, ардагер ұстаздардың қазіргі уақытқа көзқарастарын тыңдады. Сүбелі сұхбат Екпін Мұратұлының әсем әуенімен жалғасын тапты.


