23
October
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
23 қазан күні өткен 2-7 сынып оқушыларына арналған «ЗЕРДЕ» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары республикалық байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің дарынды оқушылары жүлделі орындар иеленді. Атап айтқанда, қоғамдық-гуманитарлық бағыттың «Этномәдениеттану» секциясы бойынша 6 «В» сынып оқушылары Саматова Айсұлу мен Оспанова Жанорда (жетекшісі – тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші П.К.Райстанова) І орын иеленді. Сондай-ақ жаратылыстану-математика бағытының «Туризм және спорт» секциясы бойынша 4 «Г» сынып оқушысы Кәдірғали Бексұлтан (жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Ж.Қ.Булеуханова) ІІІ орын иеленді. Шәкірттерімізді толағай табыстарымен құттықтап, республикалық кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз.


