11
December
2025
9 «А» сыныбымен өткізілген шараға “Innovative College”
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 9 «А» сыныбымен өткізілген шараға “Innovative College” және "Авиценна медициналық колледжі" мамандары келіп, белсенді қатысты. Шақырылған мамандар оқушыларға өз салалары бойынша жан-жақты кәсіби бағыт-бағдар беріп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесетін құнды ақпараттармен бөлісті.Кездесу барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы мәлімет алып, колледждердегі оқу мүмкіндіктері, талаптары және болашақтағы жұмыс перспективалары жайлы сұрақтарына жауап алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын анықтап, болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді.
Іс-шараны ұйымдастыруға жауапты кәсіби бағдар беруші: Толыбай Әсел.



