27
March
2026
«Мектепалды сынып пен бастауыш білім берудегі сабақтастық моделі» шеберлік сынып
27.03.2026 ж. Абай облысы білім басқармасы, Семей қаласы білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Бастауыш және мектепалды сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен практикалық шешімдер» атты облыстық әдістемелік семинар аясында «Мектепалды сынып пен бастауыш білім берудегі сабақтастық моделі» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді. Шеберлік сыныптың мақсаты: Мектепалды сынып пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықтың тиімді моделін анықтап, оны тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету. Шеберлік сыныбында педагогтар тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Қатысушылар мектепалды сынып пен бастауыш буын арасындағы үздіксіз білім берудің маңыздылығын атап өтті. Шеберлік сыныпты өткізген мұғалімдер:Жармагамбетова Жанаргүл Шашымовна – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы; Кыстаубаева Шынар Кусаиновна – мектепалды сынып мұғалімі, педагог-сарапшы.


