01
April
2026
1-сыныпқа қабылдау
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 30 наурызындағы № 2-20-6/2297-И хаты негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша құжаттарды қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосу жөніндегі бірлескен бұйрық жобасының әзірленіп жатқанын хабарлайды. Осыған байланысты:
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 27 мамырдан 31 тамызына дейін жүзеге асырылады;
білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады;
баланы басқа білім беру ұйымына орналастыруға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Осылайша, ҚР БҒМ 564 бұйрығының Қағидаларында бекітілген 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірден 27-мамырға ауыстырылады.


