17
May
2026
Республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының 8 “А” сынып Бекжан К ІІІ орын
2026 жылдың 13–15 мамыр аралығында Талдықорған қаласында өткен республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының “Заманның заңғар тұлғасы” буктрейлер номинациясы бойынша мектебіміздің 8 “А” сынып оқушысы Бекжан Кәусар жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.О. Темірғалиева.Кәусар мен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! 🌷
Бұл – ізденіс пен еңбектің, шығармашылық пен таланттың жемісі. Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын! Мектебіміздің мерейін үстем етіп, биіктерден көріне беріңіздер!


