24
January
2020
«Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім» READ X жобасы
Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте түлектер арасында «Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім» атты READ X жобасы өтті. Жоба аясында оқушылар қазақ және орыс әдебиеті, сондай – ақ еркін тақырыптарда өз ойларымен бөлісіп, ортаға салды. Атап айтар болсам, О.Бөкейдің «Өз отыңды өшірме», Т.Әбдіковтің «Оң қол», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» т.б., әлем әдебиетінен Джек Лондон «Белый клык», Халед Хоссейни « Тысяча сияющих солнц», Федор Достоевский «Преступление и наказание» т.б. туындылардан алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылардың кітап оқып, рухани байлықтарын арттыру үшін, аудитория алдында еркін сөйлеп, ішкі мәдениеттерін қалыптастыруда осындай жобалардың алар орны ерекше.


