СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – 2019
Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн. Тағы бір оқу жылы артта қалды. 11 жыл бойы білім теңізінен нәр алып, мектеп атты ұлы білім ордасынан тәлім-тәрбие алған әрбір түлек үшін бұл сәт – жаңа өмірдің бастамасы. Соңғы қоңырау үні – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған жастарды арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады. Биылғы жылы біздің мектептен 38 мектеп бітірушісі үшін соңғы қоңырау соғылды.