Information » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
26
November
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Облыстық “Алақай”ән байқауына қатысып 1”В”сынып оқушысы Әдлетұлы Альтаир жүлделі 3-орын  иеленіп, дипломмен  марапатталды. Құттықтаймыз!👏👏
"Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы
25
November
2025
"Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы
Еуразиялық кеңістік қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған "Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы өткізілді. Жәрмеңке барысында түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері келіп, оқу бағыттары, мамандықтар және қабылдау шарттары жайында ақпарат берді. Бұл шара оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.   Кәсіби бағдар беруші:Толыбай А.Е.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
24
November
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Черлидинг және чир спортынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 9 “А” сынып оқушысы Тлеуғабылова Малика жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және талMay жаттыққан жаттығулардың нәтижесі. Малика өзінің шеберлігі мен спортқа деген ерекше қызығушылығын дәлелдеп, мектеп мерейін үстем етті. Оқушымыздың бұл жетістігі – оның өзіне деген сенімінің, жаттықтырушыларының кәсіби қолдауының және ата-анасының қамқорлығының жемісі. Маликаға алдағы жарыстарда да биік
Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту
24
November
2025
Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту
Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету мақсатында 8 сынып оқушылармен психологиялық тренинг өткізілді. Педагог-психолог: Баяндинова У.Д.#досболайық
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
22
November
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жалпы орта білім беретін мектептердің.Қалалық 9-11 ұлдары арасындағы ҰЛТТЫҚ  МЕКТЕП ЛИГАСЫ аясында волейбол ойынында 16 мектеп командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушы: Жұмаханов М.Б
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
21
November
2025
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
20.11 күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде “100 кітап” ұлттық сауалнамасы аясында Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын өтті. Аталмыш іс-шараға мектебіміздің 8 “А” сынып оқушылары қатысты. “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша білім алушылар ойларын ортаға салып, ұйымдастырушылар тарапынан дайындаған тапсырмаларға жауап берді. Іс-шараның өтуіне белсенді қатысқандары үшін сынып оқушылары алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларды дайындаған:
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21
November
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“Педагогикалық идеялар фестивалі” конкурсының қалалық кезеңінде “Шеберлік палитрасы” бағыты бойынша география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Әйгерім Амангелдіқызы жүлделі ІІІ орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  
Кәсіби бағдар беру кездесуі
21
November
2025
Кәсіби бағдар беру кездесуі
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Электротехникалық колледжінің білікті маманы 9-сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағыт-бағдар беру шарасын өткізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқуға түсу мүмкіндіктері, болашақ мамандықты дұрыс таңдау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ сұрақ-жауап арқылы кері байланыс орнатылып, оқушылардың қызығушылықтары мен болашақ жоспарлары талқыланды. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Ә.Е.  
Дүниежүзілік балалар күні
20
November
2025
Дүниежүзілік балалар күні
20-қараша – Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне орай 2 “А” сыныбында тәрбиелік маңызы зор іс-шара өтті. Оқушылар балалар құқығы, достық, мейірімділік және бір-біріне құрмет көрсету туралы әңгімелеп, түрлі танымдық тапсырмалар орындады. Шараның мақсаты – балаларға өз құқықтарын білуге, бір-бірін құрметтеуге, айналасындағыларға қамқор болуға тәрбиелеу. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе алды.
20-қараша Дүниежүзілік балалар күні
20
November
2025
20-қараша Дүниежүзілік балалар күні
20-қараша Дүниежүзілік балалар күнімен құттықтаймыз!  Мектеп ұстаздары  оқушыларды құттықтап, қарсы алды. Бұл мерекенің басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың өмір сүруіне, білім алуына, дамуына және бақытты балалық шаққа құқығын насихаттау. Мектептерде бұл күнге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың шығармашылығын, талантын, армандарын қолдау, олардың ой-пікірін тыңдау арқылы қоғамдағы орнын нығайту көзделеді.Бұл күн – балаларға қуаныш сыйлайтын, оларға ерекше көңіл