05
January
2026
2025-2026 оқу жылының 2 тоқсан мектеп бойынша үлгерім
Білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына 2025-2026 оқу жылының 2 тоқсан бойынша жүргізілген сараптамалық талдау Мектептегі білім беру сапасын жүйелі түрде талдау – оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудің маңызды тетігі болып табылады. Осы мақсатта 2–11 сыныптар аралығындағы білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына талдау жасалды. Жалпы мектеп бойынша 903 оқушы білім алуда. Оның ішінде 163 оқушы – оқу озаты, 425 оқушы – екпінді, ал 315 оқушы – үлгерушілер санатына жатады. Қуантатыны – үлгермеуші оқушылар жоқ, яғни мектеп бойынша үлгерім сапасы 100% көрсеткішті құрап отыр.


