ҰБТ - Средняя общеобразовательная школа № 16 https://16-semey.edu.kz/ ru ҰБТ - Средняя общеобразовательная школа № 16 DataLife Engine Тестілеу кезіндегі мінез-құлық ережелері https://16-semey.edu.kz/oushylara/bt/3076-testleu-kezndeg-mnez-ly-erezheler.html https://16-semey.edu.kz/oushylara/bt/3076-testleu-kezndeg-mnez-ly-erezheler.html ҰБТ өткізу кезінде тестіленушіге рұқсат етілмейді:
  • аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз 10 минуттан артық шығуға;
  • тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға (төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда);
]]>






]]>
admin Wed, 18 Mar 2026 23:04:18 +0600
Оқудың толық формасы үшін ҰБТ Тестілеу туралы https://16-semey.edu.kz/oushylara/3075-oudy-toly-formasy-shn-bt-testleu-turaly.html https://16-semey.edu.kz/oushylara/3075-oudy-toly-formasy-shn-bt-testleu-turaly.html
]]>


]]>
admin Fri, 09 Jan 2026 23:00:27 +0600
2026 жылғы ҰБТ: Қаңтар айында өтетін тестке тіркеу басталады https://16-semey.edu.kz/oushylara/bt/2838-2026-zhyly-bt-atar-ajynda-tetn-testke-trkeu-bastalady.html https://16-semey.edu.kz/oushylara/bt/2838-2026-zhyly-bt-atar-ajynda-tetn-testke-trkeu-bastalady.html 22 желтоқсанда қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға тіркеу басталады. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.]]> 22 желтоқсанда қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға тіркеу басталады. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық білім беру бағдарламаларының топтарынан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.
Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
ҰБТ құрылымы бұрынғы қалпында қалады: талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды, — деп жазылған Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында. 
Айта кету керек, биыл Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлердің жеке архетипін ескере отырып, Қазақстанның оқу орындарындағы лайықты мамандық пен білім беру бағдарламасын таңдауға көмектесетін edunavigator.kz кәсіби бағдар беру платформасын іске қосты. Платформа болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік беріп, жоғары оқу орындарына түсу кезінде сенімділікті арттырады.
ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру мақсатында байқау сынақтары іске қосылды. Оқу жылының басында Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында талапкерлерге арналған көмекші материалдар жарияланды. Атап айтқанда, ұсынылатын әдебиеттер тізімі, «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 негізгі тарихи датаның тізімі, «Информатика» пәні бойынша терминдер тізімі, сондай-ақ «Қазақ әдебиеті» мен «Орыс әдебиеті» пәндері бойынша міндетті әдеби шығармалардың тізбесі ұсынылды, — делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар тестілеу бағдарламасында барлық талапкер үшін калькулятор, химиялық элементтердің периодтық кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
2026 жылғы ҰБТ: Қаңтар айында өтетін тестке тіркеу басталады ]]>
admin Sat, 20 Dec 2025 21:21:21 +0600
"ҰБТ табысқа жетудің мектептегі мүмкіндіктері" мотивациялық бағытта психологиялық тренинг https://16-semey.edu.kz/aparat/2624-bt-tabysa-zhetud-mektepteg-mmkndkter-motivacijaly-baytta-psihologijaly-trening.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2624-bt-tabysa-zhetud-mektepteg-mmkndkter-motivacijaly-baytta-psihologijaly-trening.html ]]> ]]> admin Thu, 09 Oct 2025 19:38:27 +0600 ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС https://16-semey.edu.kz/aparat/2321-bt-aldynda-bolatyn-orynyshty-sebepter.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2321-bt-aldynda-bolatyn-orynyshty-sebepter.html ҰБТ алдында болатын қорқыныштың себептері : 1. Шамадан тыс жүктеменің болуы. 2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді. 3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 4. Ауру салдарынан болған әлсіздік. 5. Дәрменсіздік сезімі. 6. Өз біліміне күмәндану. 7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі) 8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы. ]]> ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС ҰБТ-ға психологиялық дайындық.Оқушыларға психологиялық кеңес ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары — Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз? — Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек. — Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады . 
Күн тәртібі: • * күнді үш бөлікке бөл; • * Тестке күніне 8-сағат дайындық; • * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат; • * 8-сағаттан кем ұйықтама; • * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек. 
ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болады? — Туған-туыстардың ҰБТ тапсырушыға барынша қолғабыс көрсеткені абзал. — Дайындықты ҰБТ тапсырудан 2-3 ай бұрын бастау қажет. Ең болмағанда, материалдарды қайталап тұрған дұрыс. —ҰБТ тапсырған аға-әпкелеріңізден кеңес сұраңыз. — Емтиханға керекті материалдарды ғана оқыңыз. — Шпаргалкаға уақыт жаратқанша, оқыған материалыңызды тағы да бірнеше рет қайталағаныңыз жөн. — Үзіліс кездерінде сыртқа шығып, таза ауа жұтыңыз. — Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз. — Емтиханға тыныш жерде дайындалуға тырысыңыз — ҰБТ сынағының алдында 1 тәулік ештеңені ойламай демалыңыз. 
Тамақтану Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады. 
Тест күнгі тамақтану үлгісі: 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды. 2. Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. 3. Қатты қобалжығандықтан, сіздердің тәбетіңіз болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтану керек 
ҰБТ алдында болатын қорқыныштың себептері :
1. Шамадан тыс жүктеменің болуы. 2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді. 3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 4. Ауру салдарынан болған әлсіздік. 5. Дәрменсіздік сезімі. 6. Өз біліміне күмәндану. 7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі) 8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы



]]>
admin Thu, 09 Jan 2025 13:09:40 +0600
«Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң https://16-semey.edu.kz/aparat/2162-yntymatasty-mektep-malm-ata-ana-tayrybynda-ashy-ala.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2162-yntymatasty-mektep-malm-ata-ana-tayrybynda-ashy-ala.html 2024 жылдың 13 қарашасында №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып ата-аналарымен «Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң форматында жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және пәндер бойынша жетістіктері туралы ақпарат беру. Сондай-ақ, ата-аналармен кері байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдау. 


]]>
2024 жылдың 13 қарашасында №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып ата-аналарымен «Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң форматында жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және пәндер бойынша жетістіктері туралы ақпарат беру. Сондай-ақ, ата-аналармен кері байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдау. 
Ашық алаң форматы:
Жиналыс ерекше форматта – ашық алаң түрінде ұйымдастырылды. Әр пән мұғалімі өз орнында отырып, ата-аналарды жеке қабылдап, балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және сабаққа қатысуы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, пән мұғалімдері ата-аналарға үй тапсырмаларын орындау бойынша кеңестер және баланың білімін жақсартуға арналған ұсыныстар айтты.
Жиналыс барысы:
Кіріспе бөлімінде сынып жетекшілері ата-аналарды қарсы алып, жиналыстың мақсаты мен күн тәртібін түсіндірді.
Негізгі бөлімде ата-аналар мұғалімдермен жеке сұхбаттасып, өздерін мазалаған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Қорытынды бөлімінде ата-аналар кері байланыс парақшаларын толтырып, мектеп жұмысына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Нәтижесі:
Ата-аналар балаларының тәрбиесіне өздері белсенді ықпал ете алатынын және жаңа заманға сай білім беру тәсілдерінің маңыздылығын түсінді. Жиналыс барысында алынған кері байланыстар мектеп әкімшілігіне алдағы жұмыстарды жоспарлауға негіз болады.
Мектеп ұжымы ата-аналармен мұндай форматтағы кездесулердің маңызды екенін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.


]]>
admin Wed, 13 Nov 2024 21:05:05 +0600
Қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындығы https://16-semey.edu.kz/aparat/2154-orytyndy-attestattau-zhne-bt-dajyndyy.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2154-orytyndy-attestattau-zhne-bt-dajyndyy.html ]]> 30 қазан күні 11-сынып оқушылары арасында қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындығы бойынша әкімшілік бақылау өтті. Бұл бақылау оқушылардың білім деңгейін анықтап, оларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Әкімшілік бақылау барысында пәндер бойынша тест тапсырмалары алынып, нәтижелері сарапталды. Оқушылардың оқу жетістіктері мен дайындық деңгейін жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. Бұл шара алдағы сынақтарға жақсы дайындалуға көмектеседі деп күтілуде. 
]]>
admin Wed, 30 Oct 2024 21:26:53 +0600
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ 2024 https://16-semey.edu.kz/aparat/1875-ltty-bryaj-testleu-2024.html https://16-semey.edu.kz/aparat/1875-ltty-bryaj-testleu-2024.html ]]>






]]>
admin Fri, 10 Nov 2023 10:07:55 +0600
Ұлттық бірыңғай тестілеу 2023 https://16-semey.edu.kz/dstemelk-zhmystar/orytyndy-attestattau/1646-ltty-bryaj-testleu-2023.html https://16-semey.edu.kz/dstemelk-zhmystar/orytyndy-attestattau/1646-ltty-bryaj-testleu-2023.html ]]>



]]>
admin Sat, 22 Apr 2023 09:00:42 +0600
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ 2023 https://16-semey.edu.kz/dstemelk-zhmystar/orytyndy-attestattau/1494-ltty-bryaj-testleu-2023.html https://16-semey.edu.kz/dstemelk-zhmystar/orytyndy-attestattau/1494-ltty-bryaj-testleu-2023.html ]]>
































]]>
admin Wed, 18 Jan 2023 13:59:03 +0600