Schoolchildren » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
«Нархоз»  университетінің кәсіби бағдар беруші
03
февраль
2026
«Нархоз» университетінің кәсіби бағдар беруші
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Нархоз»  университетінің кәсіби бағдар беруші маманы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында университетте білім алу мүмкіндіктері, оқу үдерісінің ерекшеліктері, мамандық түрлері және қос диплом алу мүмкіндігі туралы кеңінен ақпарат ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Әсел
«Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты
27
January
2026
«Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты
11-сынып оқушыларымен «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сабақ барысында оқушылар болашақ мамандықтары туралы ой бөлісіп, қызығушылықтары мен мақсаттарын ортаға салды.Тәрбие сағаты оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, өз таңдауларына жауапкершілікпен қарауға және болашаққа сеніммен қадам басуына бағытталды.Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Әсел
«Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжіні» мамандары
26
January
2026
«Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжіні» мамандары
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжіні» мамандары мектебімізге келіп, 9-сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға:      •колледждегі мамандықтар,     •оқуға түсу шарттары,     •болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.   Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіби бағдар беруші:
Ұлдар жиналысы 5-10 сыныптар
12
January
2026
Ұлдар жиналысы 5-10 сыныптар
Ұлдар жиналысы 5-10 сыныптар 1. Құқықұзушылықтың алдын-алу (Буллинг, зорлық- зомбылық)  Мектеп инспекторы 2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі. (Аутодеструктивті мінез құлық) Ешенова А.Б. 3. «Болашағым өз қолымда» (Аутодеструктивті мінез құлық) педагог-психолог Баяндинова У.Д. 4. «Мектеп формасы» Мектеп тәлімгері Алиева Б. 5. Тамақтану ережесін түсіндіру (асхана тәртібі) әлеуметтік педагог Жұмаханова Б.А. 
Мектеп формасын сақтайық
08
January
2026
Мектеп формасын сақтайық
Мектепте білім алушылар арасында тәртіп пен біркелкілікті қалыптастыру, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Мектеп формасын сақтайық» тақырыбында түсіндіру жұмыстары қайта жүргізілді.Іс-шара барысында оқушыларға мектеп формасын киюдің маңызы, оның мектеп мәдениеті мен тәртібіндегі рөлі жан-жақты түсіндірілді. Мектеп формасы оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулитыны, сондай-ақ оқушылар арасындағы әлеуметтік теңдікті сақтауға ықпал ететіні атап өтілді.
“МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР”
01
January
2026
“МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР”
2025-2026 оқу жылында 1-11-сынып оқушылары үшін мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығы негізінде, 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес сақталады.Мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сай болуы қажет.  
2026 жылғы UNT: Қаңтар айында өтетін тестке тіркеу басталады
20
December
2025
2026 жылғы UNT: Қаңтар айында өтетін тестке тіркеу басталады
22 желтоқсанда қаңтар айында өтетін UNT-ға тіркеу басталады. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қаңтар айында өтетін UNT-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. UNT-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
"Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы
25
November
2025
"Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы
Еуразиялық кеңістік қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған "Университеттер жәрмеңкесі" іс-шарасы өткізілді. Жәрмеңке барысында түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері келіп, оқу бағыттары, мамандықтар және қабылдау шарттары жайында ақпарат берді. Бұл шара оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.   Кәсіби бағдар беруші:Толыбай А.Е.
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ALMA университеті
10
November
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ALMA университеті
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ALMA (Almaty Management University) университетінің білікті мамандары келіп, оқушыларға жоғары оқу орны, мамандықтар мен болашақ кәсіп таңдауға байланысты *түсіндірме жұмыстары мен кәсіби бағыт-бағдар беру кездесуі өткізілді. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Ә.Е