Кеңестер - Средняя общеобразовательная школа № 16 https://16-semey.edu.kz/ ru Кеңестер - Средняя общеобразовательная школа № 16 DataLife Engine Ата-аналарға "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша кеңестер https://16-semey.edu.kz/aparat/2418-ata-analara-brttas-trbie-badarlamasy-bojynsha-keester.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2418-ata-analara-brttas-trbie-badarlamasy-bojynsha-keester.html 1. Отбасылық құндылықтарды нығайту
Балаларыңызға ұлттық дәстүрлер мен отбасы құндылықтарын дәріптеңіз. Үлкенді сыйлау, кішіпейіл болу, ата-ананы құрметтеу сияқты қасиеттерді бойына сіңіруге көмектесіңіз.
]]>
Ата-аналарға "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша кеңестер1. Отбасылық құндылықтарды нығайту
Балаларыңызға ұлттық дәстүрлер мен отбасы құндылықтарын дәріптеңіз. Үлкенді сыйлау, кішіпейіл болу, ата-ананы құрметтеу сияқты қасиеттерді бойына сіңіруге көмектесіңіз.
2. Баламен сенімді қарым-қатынас орнату
Балаңызбен ашық сөйлесіп, оны тыңдауға уақыт бөліңіз. Оның пікірін ескеріп, қолдау көрсетіңіз. Бұл – оның өзін-өзі бағалауын арттырып, сенімділігін қалыптастырады.
3. Тәрбие мен білімді қатар дамыту
Мектептегі оқыту процесіне белсене араласып, балаңыздың оқу үлгерімін қадағалаңыз. Үй тапсырмасын орындауда бағыт беріп, жаңа білімді игеруіне көмек көрсетіңіз.
4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Баланы дұрыс тамақтануға, спортпен айналысуға, зиянды әдеттерден аулақ болуға дағдыландырыңыз. Өзіңіз үлгі болып, денсаулықтың маңыздылығын түсіндіріңіз.
5. Жауапкершілікке үйрету
Балаңыздың өз ісіне жауап бере білуін дамытыңыз. Үй шаруасына көмектесуге баулып, еңбекқорлық пен тәртіптілікке бейімдеңіз.
6. Жас ерекшелігіне сай қолдау көрсету
Жасөспірімдік кезеңде балалар эмоционалды тұрақсыз болуы мүмкін. Оларға түсіністікпен қарап, артық қысым көрсетпей, достық қарым-қатынаста болуға тырысыңыз.
7. Баланың қабілеттерін дамыту
Әр баланың өз дарыны мен қызығушылығы бар. Оның шығармашылық, спорттық немесе интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасаңыз.
8. Мектеппен тығыз байланыста болу
Мектептегі іс-шараларға қатысып, мұғалімдермен тығыз байланыс орнатыңыз. Балаңыздың жетістіктері мен мәселелерін бірге талқылап, шешім қабылдауға атсалысыңыз.
9. Мейірім мен махаббатқа бөлеу
Баланың өзін қауіпсіз әрі сүйікті сезінуі өте маңызды. Оған жылы сөз айтып, жетістіктерін мақтап, қателіктерін кешіре біліңіз.
10. Ақпараттық технологияларды қадағалау
Баланың әлеуметтік желілер мен гаджеттерді дұрыс пайдалануын бақылаңыз. Интернеттегі зиянды контенттен қорғап, пайдалы ақпарат алуға бағыттаңыз.
Ұрпақ тәрбиесі – ата-ана мен мектептің ортақ міндеті екенін ұмытпайық! 🌿👨‍👩‍👧‍👦]]>
admin Tue, 01 Apr 2025 17:30:57 +0600
Оқушыларға психологиялық кеңестер https://16-semey.edu.kz/roditelyam/keester/2322-oushylara-psihologijaly-keester.html https://16-semey.edu.kz/roditelyam/keester/2322-oushylara-psihologijaly-keester.html Леонардо да Винчидің зейін қою тәсілі. Қайта Өрлеу дәуірінің атақты суретшісі Леонардо до Винчи тек  көркем сурет пен ғылымда ғана жетістікке жетіп қоймай, психологияда да өзінің ізін қалдырыпты. Сана мен жанды бояу мен қаламұш арқылы емдеудің тәсілін жасапты. Оның өз тәсіліне енгізген 24 кеңесі бар. Қазіргі заманның психологтары да, Винчидің айтқаны рас деп дәлелдеп отыр. Бұл тәсіл жүйкені тыныштандырып, сананы сергітеді. Кез келген қиын жағдайда жасап көруге болады.

]]>
Оқушыларға психологиялық кеңестер 

Леонардо да Винчидің зейін қою тәсілі.

Қайта Өрлеу дәуірінің атақты суретшісі Леонардо до Винчи тек көркем сурет пен ғылымда ғана жетістікке жетіп қоймай, психологияда да өзінің ізін қалдырыпты.


Сана мен жанды бояу мен қаламұш арқылы емдеудің тәсілін жасапты. Оның өз тәсіліне енгізген 24 кеңесі бар.


Қазіргі заманның психологтары да, Винчидің айтқаны рас деп дәлелдеп отыр.


Бұл тәсіл жүйкені тыныштандырып, сананы сергітеді. Кез келген қиын жағдайда жасап көруге болады.


1. Шаршасаң-гүлдің суретін сал. 2. Ашуға булықсаң-сызықтар сал. 3. Ауырсаң –мүсін сомда.

4. Зеріксен–бір параққа түрлі гүлдің суретін сал. 5. Көңілсіз болсаң-кемпірқосақтың суретін сал. 6. Қорықсаң макраме тоқы, құрақ құра.

7. Бойынды үрей билесе-жіптен орап қуыршақ жаса. 8. Ызалансаң-қағазды ұсақтап жыртып таста.

9. Алаңдасаң-оригами құрастыр. 10.Қатты уайымдасаң-ою-өрнек сал.

11.Бір нәрсені еске түсіру керек болса-лабиринттің суретін сал. 12.Көңілің қалса-картинаның көшірмесін сал.

13.Күдер үзсең-жолдың суретін сал.

14.Бір нәрсені түсінгің келсе-мандаланың суретін сал.

15.Күш-қуатыңды тез қалпына келтіру керек болса-пейзаж сал. 16.Сезіміңді түсінгің келсе-автопортрет сал.

17.Осы күйді сақтап қалғың келсе-түрлі-түсті дақтар сал.

18.Ойыңды жүйелеу керек болса-балауыз ұяшығын немесе шаршының суретін сал.

19.Өзіңді түсінгің келсе, тілегінді айқындағын келсе-коллаж жаса. 20.Ойыңды тиянақтағың келсе-нүктелерден суреттер құрастыр. 21.Жағдайдан шығатын шешім іздесең- толқын мен шеңбердің суретін

сал.

22.Бір жерде ұзақ тұрып қалсаң, ары қарай қимылдау керек болса-спиральдің суретін сал.

23.Мақсатынды айқындағың келсе-тордың, нысананың суретін сал. 24.Бұл қазіргі замандағы психологтар қолданып жүрген АРТ-терапия әдісі

деуге болады. Сурет салу үшін мықты суретші болу шарт емес. Қолыңыздан келгенінше сала беріңіз.]]>
admin Wed, 05 Mar 2025 13:21:01 +0600
1 сыныпқа қабылдау 2024-2024 1 апрель https://16-semey.edu.kz/aparat/2358-1-synypa-abyldau-2024-2024-1-aprel.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2358-1-synypa-abyldau-2024-2024-1-aprel.html
]]>
]]> admin Tue, 04 Mar 2025 16:14:17 +0600
Мотивацияны демеу үшін сәтті 5 қадам https://16-semey.edu.kz/oushylara/2319-motivacijany-demeu-shn-stt-5-adam.html https://16-semey.edu.kz/oushylara/2319-motivacijany-demeu-shn-stt-5-adam.html Мотивацияны демеу үшін сәтті 5 қадам: – Қандай нәтижеге ие болатыныңды жарқын түрде елестет. Өз еңбегіңнің жемісін көз алдыңа елестет. Мотивацияң таусылған сайын немесе шаршаған сәттерде жемісіңді, жететін нәтижеңді ойла. – Мақсатың физикалық тұрғыда өзіңмен бірге болуы керек. Демек, құлшынысыңды арттыратын, оған қараған сайын мақсатыңды есіңе түсіретін белгілі-бір зат болуы қажет. – Жоспарларың мен мақсаттарыңды қағаз бетіне түсір. Орындалған жоспарларыңды түртіп отыр. – Өз-өзіңе сөз бер. Аяғына дейін баратыныңа, тайсалмастан нәтижеге жететініңе уәде ет немесе жақындарыңа сөз бер. – Еліктейтін тұлға болса, соған қарап бой түзеп, «Ол жеткен жетістікке мен де жетемін» деген ұранмен өмір сүр. – Идеяластарыңды тап. Жақындарың немесе достарыңның арасынан сенің бастамаңа қолдау білді
]]>
Мотивацияны демеу үшін сәтті 5 қадам: – Қандай нәтижеге ие болатыныңды жарқын түрде елестет. Өз еңбегіңнің жемісін көз алдыңа елестет. Мотивацияң таусылған сайын немесе шаршаған сәттерде жемісіңді, жететін нәтижеңді ойла. 
– Мақсатың физикалық тұрғыда өзіңмен бірге болуы керек. Демек, құлшынысыңды арттыратын, оған қараған сайын мақсатыңды есіңе түсіретін белгілі-бір зат болуы қажет. 
– Жоспарларың мен мақсаттарыңды қағаз бетіне түсір. Орындалған жоспарларыңды түртіп отыр. 
– Өз-өзіңе сөз бер. Аяғына дейін баратыныңа, тайсалмастан нәтижеге жететініңе уәде ет немесе жақындарыңа сөз бер. 
– Еліктейтін тұлға болса, соған қарап бой түзеп, «Ол жеткен жетістікке мен де жетемін» деген ұранмен өмір сүр.
– Идеяластарыңды тап. Жақындарың немесе достарыңның арасынан сенің бастамаңа қолдау білді
Мотивацияны қайдан алады? 
Мотивация – белгілі бір мақсат үшін өзіңді ояту процесі. Адамдар өмір сүруге деген құлшынысты қоғамнан, қоршаған ортадан алады. Ал жұмысшы компаниялар мен ұйымдардан тұратын қоғам адамдарға тиісінше қажетті мотивация бөлігін бере алады ма? Кез келген компанияның өзінің мақсаттары бар. Сол сияқты адамның да өз мақсаттары мен жоспарлары болады. Сол мақсаттары аясында адам компанияға жұмысқа орналасады. Егер компания немесе ұйым басшылығы: «Жұмысшының не қалайтыны мені қызықтырмайды. Жұмыс істе, ұнамай ма – сау бол!» деген қағида ұстанса, ол жақсы нәтиже бермейтіні анық. Себебі, ең соңында мұндай компания тек жұмысшы орындаушылармен ғана қалады. Ал егер әлгі компания керісінше: «Менің қызметкерлерім сондай мықты. Біз барлығымыз бір отбасымыз. Жұмысшыларымның көңілін қалдырмайын, сонда нәтиже де болады» деген қағидамен жұмыс істесе, нәтиже міндетті түрде болады. Жұмысшыларын да, компанияны да бір тізгінде ұстай алатын басшының қызметкермен жұмыс істеу тәсілі келесідей болмақ. «Сіз маған нәтиже бересіз. Мен сіздің жеке мақсаттарыңыздың орындалуын жүзеге асырамын» болуы тиіс. Осы орайда, қызметкерлер сапалы әрі жақсы жұмыс істеу үшін не істеу керек деген заңды сұрақ туындайды. Ол үшін жұмыс беруші басшы қызметкерлерден тікелей толық мүмкіндікпен жұмыс істеу үшін адамдарға не қажет екенін сұрау керек. Осы арқылы қызметкерге қандай жағдай қажет екенін білуге болады. Мәселен, Жапония  менеджментінде жұмысшылар мотивациясы –  кез келген компания үшін ең бірінші орында тұрады. Бір ерекшелігі, Жапония компаниялары жұмысқа тек университетті түлеп ұшқан белсенді студенттерді қабылдайды. Сонымен бірге, жұмысқа қабылдану барысында қызметкерлер компанияның өзіне қандай мүмкіндіктер, қандай жағдай жасайтынын біліп отырады. Себебі оларға компания менеджерлері барлығын түсіндіріп, егжей-тегжейлі нұсқаулар беріп, осы жұмысқа орналасу барысында қандай жетістіктерге жететінін алдын ала айтып түсіндіреді. Әрбір жұмысшының өзінің үстелінің қасында құлшынысты арттыратын, мотивацияны көтеретін жазбалар тұрады. Барлық жағдай қызметкерлер үшін жасалды. Себебі Жапон халқы еңбек өнімділігін арттырудың тәсілдерін біледі. Жанардағы отыңыз сөнбесін...
Осыдан біраз жыл бұрын АҚШ университеттерінің бірінде студенттердің бітіру кешіне белгілі бизнесменді сөз сөйлеу үшін шақырған. Сонда кездесуге екі сағат кешігіп келген бизнесмен мінберге шығып, сөз сөйлеудің орнына 3 минуттық сөз айтып, шығып кетіп қалған екен. Ұйымдастырушылар мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсінбей қалады. Бірнеше сағат бойы бітіруші түлектерге өзінің кеңестерін, ақылын айтады деп ойлаған олар, шын мәнінде, абдырап қалған. Сондағы бизнесменнің айтқан сөздері мынадай болған: «Сендер, түлектер, бүгін университет бітіріп қолдарыңа диплом алып жатырсыңдар. Сендер үшін барлығы тамаша. Әрқайсысыңның әке-шешелерің алып берген көліктерің бар. Дайын тұрған жұмыстарың бар. Еш уайымдарың жоқ. Бірақ мен сендерге шындықты айтқым келеді. Бұл жұмыс арқылы сендер бар болғаны жылына 100 мың доллар табуларың мүмкін. Ал мен үшін бұл ақша түк емес. Мен – бизнесменмін. Бүгін сендерге қарап ешбіріңнің көздеріңнен жанып тұрған отты көріп тұрған жоқпын. Ал жанардағы отсыз сендер – ешкім емессіңдер!» – деп кетіп қалған екен. Бірнеше жыл өтіп, бұл жағдай ұмытылған соң, әлгі университет басшылығы зерттеу жүргізіп көрмек болады. Университетті бітірген студенттердің қай легінің әлеуметтік жағдайы жоғары екенін салыстырмақшы болған. Нәтижесінде бітіру кешінде сөз сөйлеген студенттер ерекше өсім көрсеткен. Олардың мұндай көрсеткішке жетудегі себебін анықтау қиынға түседі. Осы уақыт аралығында ешқандай мұғалімдер мен ұстаздар ауыспағанын, университет жүйесінде ешбір өзгерістер болмағанын ескере отырып, сол жылы сөз сөйлеген әлгі бизнесменді еске алады. Сонда университет басшылығы шақырылған бизнесменнің 3 минуттық сөзі аталған студенттерге жақсы әсер еткенін түсінген. Сонда әлгі бизнесмен соншалықты не айтты дейсіз ғой? Ол – студенттердің жанарында от жақты. Жетістікке жету үшін көкірек пен жанардағы оттың болуының қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді. Шын мәнінде, жетістікке жетіп, мотивацияны жоғалтпау үшін жанардағы отты жаға білу керек және оны сөндіріп алмау қажет. 
]]>
admin Mon, 03 Mar 2025 13:03:14 +0600
Мазасызданудан қалай айырылуға болады? https://16-semey.edu.kz/aparat/2320-mazasyzdanudan-alaj-ajyrylua-bolady.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2320-mazasyzdanudan-alaj-ajyrylua-bolady.html 1. Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі-жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек. 2. қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылған не пайда бар? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, мәселен, жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б. 3. Көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгіліадамдармен талас-тартыспен, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелерімен, шаршауыңызбеннемесе ұзақ уақытқа созылған стресспен байланысты шығар. Мұндай жағдайларда әсері ауыр тиетін нәрселердің болмауы жөн.]]> Мазасызданудан қалай айырылуға болады? 1. Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі-жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек. 2. қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылған не пайда бар? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, мәселен, жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б. 3. Көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгіліадамдармен талас-тартыспен, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелерімен, шаршауыңызбеннемесе ұзақ уақытқа созылған стресспен байланысты шығар. Мұндай жағдайларда әсері ауыр тиетін нәрселердің болмауы жөн. Оларды ең болмаса азайтуға немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысыңызды төмендетуге міндетті түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге-өзіңіз сеніңіз 4. Өзіңізді терең ойландыратын, толғандыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. өмірдің үйреншікті ырғағына түспеген жаңалықтар ендіруге тырысыңыз. 5. ең басты мәселе: бойыңызды мазасыздық сезімі кернеп жүрген кезде, онын себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам, асығыс қабылданған шешім қызбалықпен қате әрекет жасауға алып келуі ықтимал. Оқиғаның мән жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің жіберген қатеңізді қатты өкініп, кінәні сезінуден айыға алмай қиналасыз. 6. Таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе, өз жағдайыңыздан шыға алмай, уайым қайғыға беріліп жүресіз. 7. көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған жағымды кездерді, бақытты уақыттардың майда-шүйделеріне дейін еске түсіріп, қайтадан бастап өткізгендей сезімге бөленіңіз. 8. Менің алдымда тұрған барлық проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз. ]]> admin Wed, 05 Feb 2025 13:08:12 +0600 ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС https://16-semey.edu.kz/aparat/2321-bt-aldynda-bolatyn-orynyshty-sebepter.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2321-bt-aldynda-bolatyn-orynyshty-sebepter.html ҰБТ алдында болатын қорқыныштың себептері : 1. Шамадан тыс жүктеменің болуы. 2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді. 3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 4. Ауру салдарынан болған әлсіздік. 5. Дәрменсіздік сезімі. 6. Өз біліміне күмәндану. 7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі) 8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы. ]]> ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС ҰБТ-ға психологиялық дайындық.Оқушыларға психологиялық кеңес ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары — Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз? — Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек. — Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады . 
Күн тәртібі: • * күнді үш бөлікке бөл; • * Тестке күніне 8-сағат дайындық; • * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат; • * 8-сағаттан кем ұйықтама; • * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек. 
ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болады? — Туған-туыстардың ҰБТ тапсырушыға барынша қолғабыс көрсеткені абзал. — Дайындықты ҰБТ тапсырудан 2-3 ай бұрын бастау қажет. Ең болмағанда, материалдарды қайталап тұрған дұрыс. —ҰБТ тапсырған аға-әпкелеріңізден кеңес сұраңыз. — Емтиханға керекті материалдарды ғана оқыңыз. — Шпаргалкаға уақыт жаратқанша, оқыған материалыңызды тағы да бірнеше рет қайталағаныңыз жөн. — Үзіліс кездерінде сыртқа шығып, таза ауа жұтыңыз. — Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз. — Емтиханға тыныш жерде дайындалуға тырысыңыз — ҰБТ сынағының алдында 1 тәулік ештеңені ойламай демалыңыз. 
Тамақтану Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады. 
Тест күнгі тамақтану үлгісі: 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды. 2. Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. 3. Қатты қобалжығандықтан, сіздердің тәбетіңіз болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтану керек 
ҰБТ алдында болатын қорқыныштың себептері :
1. Шамадан тыс жүктеменің болуы. 2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді. 3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 4. Ауру салдарынан болған әлсіздік. 5. Дәрменсіздік сезімі. 6. Өз біліміне күмәндану. 7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі) 8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы



]]>
admin Thu, 09 Jan 2025 13:09:40 +0600
Оқушыларға кеңестер https://16-semey.edu.kz/aparat/1902-oushylara-keester.html https://16-semey.edu.kz/aparat/1902-oushylara-keester.html Қысқа психологиялық мінездеме. Енжар балалар дегеніміз  өте тез шаршайтын, әлсірейтін балдалар. Олар тез шаршайды, жұмыс екпіні баяу болып, қатері көбейе бастайды. Шаршағандық – көбінесе жоғарғы нерв жүйесімен байланысты, сондықтан табиғи жүйкелік шаршау басым.



]]>
Қысқа психологиялық мінездеме. Енжар балалар дегеніміз  өте тез шаршайтын, әлсірейтін балдалар. Олар тез шаршайды, жұмыс екпіні баяу болып, қатері көбейе бастайды. Шаршағандық – көбінесе жоғарғы нерв жүйесімен байланысты, сондықтан табиғи жүйкелік шаршау басым.

ҰБТ – да кездесетін қиындықтар. ҰБТ – да ұзақ уақытты (3 сағ), жоғарғы жұмыс қабілеті қажет етеді.Енжар балаларда жұмыс істеу сапасы төмендеуі мүмкін, шаршағандық пайда болады.

Дайындық тәсілі. Жұмыс барысында енжар балаларға: «Басқа балалар күні – түні сабақ оқиды, ал сен болсаң тез шаршайсың», - деуге болмайды. Өйткені бұл балалардың жеке ерекшелігі осындай. Дайындық кезінде балаларға көп демалыс беру керек, ұйықтау қажет, далада серуенге шығу керек.

Гипертимді (жылдам) балалар

Қысқа психологиялық мінездеме.Бұл балалар өте тез, белсенді, жігерлі болады. Жұмысты тез орындайды, ашуланшақ балалар. Тапсыоманы тез орындайды , бірақ көп қате, ұқыпсыз орындайды және оны түзетпейді.

ҰБТ– да кездесетін қиындықтар. ҰБТ – да ұқыпты, зейінді, жинақы болуды талап етеді. Ал гипертимді балаларда бұл қасиеттер жоқ, сондықтан олардың әлсіз жақтары осы.

Дайындық тәсілі.

Бұл балаларға өзін - өзі бақылау, тексеру функциясын үйрету қажет, тапрысманы орындағаннанкейін, оны тексеру, қателерін табуды қаажет ету керек. ҰБТ маңызды екенін түсіндіру қажет. Өмірдегі ең маңызды шешуші кезең екенін түсіндіру артық емес.

Баяу қабылдайтын балалар. Қысқа психологиялық мінездеме. Бұл балалар өте баяу қимылдайды, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу өте қиын болады. Оларды асықтырсаң, олардың жұмыс істьеу әрекеті төмендейді.

ҰБТ – да кездесетін қиындықтар. ҰБТ тез жинақы болуды талап етеді; бір тапсырмадан екінші тапсырмаға көшуді тез орындауы керек.

Дайындық тәсілі.

Дайындық кезінде бұл балаларға тапсырма беріліп : «саған 5 есеп шығару үшін 1 сағат,яғни әр есепке 12 минут қана беріледі» деген тапсырмалар оқушылардың бір жұмыстан екінші жұмысқа тез ауысуын үйретеді.

Аудиалдар мен кинестиктер.

Қысқа психологиялық мінездеме. Қоршаған ортаны адам: есту, көру, сезу түйсіктері арқылы қабылдайды. Әрбір адамда осы үш қасеттің біреуі жақсы дамиды.

ҰБТ – да кездесетін қиындықтар. ҰБТ – визуалды (көріп, есте сақтау қасеті бар) балаларға жеңіл болады, ал аудиалдар мен кинестиктер біраз қиналуына тура келеді.

]]>
admin Tue, 10 Oct 2023 23:59:48 +0600
Құқықтық және психологиялық көмек https://16-semey.edu.kz/oushylara/bala-ytary/1509-yty-zhne-psihologijaly-kmek.html https://16-semey.edu.kz/oushylara/bala-ytary/1509-yty-zhne-psihologijaly-kmek.html Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Әрбір бала қажеттілік туындаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 111 шұғыл қызметі телефонына хабарласа алады.Баланың және оның ата-анасының бұл нөмірге ұялы және қала телефондарынан хабарласу арқылы кез келген уақытта көмек алуға мүмкіндіктері бар. 

"111" Шұғыл қызмет сенім телефоны арқылы құқықтық және психологиялық көмекті  тәулігіне 24 сағат бойы алуға болатындығы туралы мәлімет берілді.

]]>
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Әрбір бала қажеттілік туындаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 111 шұғыл қызметі телефонына хабарласа алады.Баланың және оның ата-анасының бұл нөмірге ұялы және қала телефондарынан хабарласу арқылы кез келген уақытта көмек алуға мүмкіндіктері бар. "111" Шұғыл қызмет сенім телефоны арқылы құқықтық және психологиялық көмекті  тәулігіне 24 сағат бойы алуға болатындығы туралы мәлімет берілді.
Қымбатты балалар!
    Егер сізде тартысты жағдай туындаса және сіз өз бетімен оны жеңе алмасаңыз, сізге кәсіпқой психолог пен заңгердің көмегі қажет. Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны № 150 қоңырау соғыңыз немесе е-mailbala-ana@rambler.ruбойынша хат жазыңыз.
 Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны ТӘУЛІК БОЙЫ, АҚЫСЫЗ, АТЫ- ЖӨНІН КӨРСЕТПЕЙ (АНОНИМДІ) жұмыс істейді!
 Балалар мен жастарға арналған бірыңғай Ұлттық сенім телефон желісін енгізу – қызметі, тәулігіне 24 сағат әр балаға ашық, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға жедел құқықтық және психологиялық көмек көрсете алады. 
]]>
admin Thu, 19 Jan 2023 17:35:51 +0600
Тестілеуге кіргізу https://16-semey.edu.kz/oushylara/bt/1495-testleuge-krgzu.html https://16-semey.edu.kz/oushylara/bt/1495-testleuge-krgzu.html ]]>
]]>
admin Thu, 12 Jan 2023 14:26:12 +0600
Бала тәрбиесіне қажетті кеңестер! https://16-semey.edu.kz/aparat/1315-bala-trbiesne-azhett-keester.html https://16-semey.edu.kz/aparat/1315-bala-trbiesne-azhett-keester.html 2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.
Есіңізде болсын, балаңыз – сіздің ең басты байлығыңыз.



]]>
2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.
Есіңізде болсын, балаңыз – сіздің ең басты байлығыңыз.

]]>
admin Tue, 10 Jan 2023 13:42:39 +0600