Ата-аналарға - Средняя общеобразовательная школа № 16 https://16-semey.edu.kz/ ru Ата-аналарға - Средняя общеобразовательная школа № 16 DataLife Engine "Экомәдениет: немерелерге табиғатты аялауды қалай үйретеміз?" клуб мүшелері https://16-semey.edu.kz/aparat/3124-jekomdeniet-nemerelerge-tabiatty-ajalaudy-alaj-jretemz-klub-msheler.html https://16-semey.edu.kz/aparat/3124-jekomdeniet-nemerelerge-tabiatty-ajalaudy-alaj-jretemz-klub-msheler.html 4 "Б" сынып оқушылары "Экомәдениет: немерелерге табиғатты аялауды қалай үйретеміз?" тақырыбында клуб мүшелері – қадірлі аталармен тағылымды жүздесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, үлкендердің өнегесі арқылы экологиялық тәрбие беру. Аталардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері оқушыларға табиғатты сүюдің, оны қорғаудың маңызын терең түсінуге жол ашты 🌱Ұрпақтар сабақтастығы – тәрбие негізі. Табиғатты аялау – болашаққа аманат! 💚
]]>
4 "Б" сынып оқушылары "Экомәдениет: немерелерге табиғатты аялауды қалай үйретеміз?" тақырыбында клуб мүшелері – қадірлі аталармен тағылымды жүздесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, үлкендердің өнегесі арқылы экологиялық тәрбие беру. Аталардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері оқушыларға табиғатты сүюдің, оны қорғаудың маңызын терең түсінуге жол ашты 🌱Ұрпақтар сабақтастығы – тәрбие негізі. Табиғатты аялау – болашаққа аманат! 💚]]> admin Tue, 28 Apr 2026 20:31:16 +0600
«Оқушы мен ата-ана үшін: бірге дамудың кілті» ата-аналар жиналысы https://16-semey.edu.kz/aparat/3107-oushy-men-ata-ana-shn-brge-damudy-klt-ata-analar-zhinalysy.html https://16-semey.edu.kz/aparat/3107-oushy-men-ata-ana-shn-brge-damudy-klt-ata-analar-zhinalysy.html Ата-аналар жиналысы мазмұнды әрі қызықты өтті. Әр топқа арнайы тапсырмалар берілді. Бірінші топ жарнама жасап, бірінші сыныпқа қабылдау туралы ұсыныстарын ұсынды. Екінші топ жазғы демалыс кезіндегі су, өрт және жол қауіпсіздігі бойынша жадынама әзірледі. Үшінші топ балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. Төртінші топ математикалық есепті шығару арқылы ойларын ортаға салды. Әр топ өз жұмыстарын шығармашылықпен орындады. Жи барысында ата-аналар белсенділік танытты. Оқушылардың дамуына ортақ жауапкершілік сезілді. Барлығы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Жиналыс ынтымақтастық пен бірлескен дамудың маңызын айқындады.
]]>
Ата-аналар жиналысы мазмұнды әрі қызықты өтті. Әр топқа арнайы тапсырмалар берілді. Бірінші топ жарнама жасап, бірінші сыныпқа қабылдау туралы ұсыныстарын ұсынды. Екінші топ жазғы демалыс кезіндегі су, өрт және жол қауіпсіздігі бойынша жадынама әзірледі. Үшінші топ балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. Төртінші топ математикалық есепті шығару арқылы ойларын ортаға салды. Әр топ өз жұмыстарын шығармашылықпен орындады. Жи барысында ата-аналар белсенділік танытты. Оқушылардың дамуына ортақ жауапкершілік сезілді. Барлығы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Жиналыс ынтымақтастық пен бірлескен дамудың маңызын айқындады.]]> admin Thu, 23 Apr 2026 21:06:15 +0600
Жалпы ата-аналар жиналысы https://16-semey.edu.kz/trbie-zhmystary/aleumettik-zhoba/3082-zhalpy-ata-analar-zhinalysy.html https://16-semey.edu.kz/trbie-zhmystary/aleumettik-zhoba/3082-zhalpy-ata-analar-zhinalysy.html Күн тәртібінде:
1.Интернет және діни ағымдар: балаға қаншалықты қауіпті?
1. 3-тоқсан қорытындысы;
2. ⁠Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы.
Жиналысқа Абай облысы, Дін басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманымен ашық әңгімелесу болды.
]]>
Күн тәртібінде:

admin Thu, 16 Apr 2026 09:40:51 +0600
«Мектеп пен ата-ана бірлігі – баланың қауіпсіз жазғы демалысының кепілі» жиналыс https://16-semey.edu.kz/roditelyam/zhinalysy-zhospary/3066-mektep-pen-ata-ana-brlg-balany-aupsz-zhazy-demalysyny-kepl-zhinalys.html https://16-semey.edu.kz/roditelyam/zhinalysy-zhospary/3066-mektep-pen-ata-ana-brlg-balany-aupsz-zhazy-demalysyny-kepl-zhinalys.html №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында «Мектеп пен ата-ана бірлігі – баланың қауіпсіз жазғы демалысының кепілі» тақырыбы кеңінен талқыланды. Күн тәртібінде оқушылардың оқу жетістіктері, тәрбие жұмыстарының қорытындысы және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру жолдары түсіндірілді. Жиын ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. ]]> №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында «Мектеп пен ата-ана бірлігі – баланың қауіпсіз жазғы демалысының кепілі» тақырыбы кеңінен талқыланды. Күн тәртібінде оқушылардың оқу жетістіктері, тәрбие жұмыстарының қорытындысы және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру жолдары түсіндірілді. Жиын ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.]]> admin Thu, 09 Apr 2026 21:30:21 +0600 «Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында бірлескен кездесу https://16-semey.edu.kz/aparat/3064-zne-z-kmektesu-zhne-zn-z-orau-dadylaryn-damytu-tayrybynda-brlesken-kezdesu.html https://16-semey.edu.kz/aparat/3064-zne-z-kmektesu-zhne-zn-z-orau-dadylaryn-damytu-tayrybynda-brlesken-kezdesu.html №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б», 8 «В» сынып ата-аналарының қатысуымен «Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында бірлескен кездесу өткізілді.
    Ата-аналар мен балалар арасында кездесетін қиындықтарды жеңе алатын дағдыларды қалыптастыра отырып, баланы белсенді тыңдауға шақыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға елуге жуық ата-ана қатысты. Мектеп психологы Үміт Даниярқызы да тақырыпқа сәйкес психологиялық ахуал қалыптастырып, ата-аналармен ой бөлісті. Білім алушылардың ата-аналары жоспар бойынша дайындалған сұрақтарға белсене қатысып, ойларын толық жеткізе білді. Бірлескен кездесуден кейін әр сынып ата-аналары «Мектеп пен ата-ана бірлігі- баланың қауіпсіз жазғы демалысының кепілі» тақырыбында өткен жеке жиналысқа тарасты. Жауапты: А.С.Аубакирова, Э.М.Райымбекова, А.А.Ибрагимова, Д.О.Темірғалиева.
]]>
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б», 8 «В» сынып ата-аналарының қатысуымен «Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында бірлескен кездесу өткізілді.
    Ата-аналар мен балалар арасында кездесетін қиындықтарды жеңе алатын дағдыларды қалыптастыра отырып, баланы белсенді тыңдауға шақыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға елуге жуық ата-ана қатысты. Мектеп психологы Үміт Даниярқызы да тақырыпқа сәйкес психологиялық ахуал қалыптастырып, ата-аналармен ой бөлісті. Білім алушылардың ата-аналары жоспар бойынша дайындалған сұрақтарға белсене қатысып, ойларын толық жеткізе білді. Бірлескен кездесуден кейін әр сынып ата-аналары «Мектеп пен ата-ана бірлігі- баланың қауіпсіз жазғы демалысының кепілі» тақырыбында өткен жеке жиналысқа тарасты. Жауапты: А.С.Аубакирова, Э.М.Райымбекова, А.А.Ибрагимова, Д.О.Темірғалиева.
]]>
admin Thu, 09 Apr 2026 21:18:57 +0600
1-сыныпқа қабылдау https://16-semey.edu.kz/aparat/3073-1-synypa-abyldau.html https://16-semey.edu.kz/aparat/3073-1-synypa-abyldau.html 1-сыныпқа қабылдау
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 30 наурызындағы № 2-20-6/2297-И хаты негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша құжаттарды қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосу жөніндегі бірлескен бұйрық жобасының әзірленіп жатқанын хабарлайды. Осыған байланысты:
 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 27 мамырдан 31 тамызына дейін жүзеге асырылады;
 білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады;
 баланы басқа білім беру ұйымына орналастыруға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Осылайша, ҚР БҒМ 564 бұйрығының Қағидаларында бекітілген 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірден 27-мамырға ауыстырылады.

admin Wed, 01 Apr 2026 22:46:55 +0600
🌷 КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ: ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ! 🌷 https://16-semey.edu.kz/trbie-zhmystary/meroprijatija-prazdniki/3093--kktemg-kanikul-pajdaly-r-aupsz-.html https://16-semey.edu.kz/trbie-zhmystary/meroprijatija-prazdniki/3093--kktemg-kanikul-pajdaly-r-aupsz-.html Қымбатты оқушы! Сені ұзақ күткен көктемгі демалысыңмен құттықтаймыз! Уақытыңды қызықты өткізу үшін мына кеңестерге құлақ ас:

1. Күн тәртібін сақта ⏰

  • Демалыс болса да, ұйқы режимін қатты бұзба. Ерте жатып, ерте тұру — сергектіктің кепілі.

  • Күніңді жоспарла: кітап оқуға, ойынға және үй шаруасына арнайы уақыт бөл.

2. Таза ауа — тән саулығы 🌳

  • Күніне кем дегенде 1-2 сағат далада серуенде. Көктемгі күн шуағынан D витаминін ал.

  • Белсенді қозғалыста бол: волейбол, футбол ойна немесе жай ғана таза ауада серуенде.

3. Қауіпсіздік ережелері ⚠️

  • Жолда абай бол: Көшеде жүру ережелерін қатаң сақта.

  • Су қоймаларынан алыс жүр: Көктемде мұздың жұқаратынын және су деңгейінің көтерілетінін ұмытпа.

  • Бейтаныс адамдармен сөйлеспе: Көшеде немесе интернетте бейтаныс жандармен байланыс орнатқанда сақ бол.

4. Цифрлық гигиена 📱

  • Телефон мен компьютер алдында 1,5–2 сағаттан артық отырма.

  • Әлеуметтік желілердің орнына жанды араласуды (достарыңмен, туыстарыңмен) таңда.

5. Өзіңді дамыт 📚

  • Оқу жылында қолың тимеген қызықты кітапты оқып шық.

  • Жаңа хобби тап: сурет сал, қолөнермен айналыс немесе жаңа цифрлық бағдарламаларды меңгер.

]]>
Қымбатты оқушы! Сені ұзақ күткен көктемгі демалысыңмен құттықтаймыз! Уақытыңды қызықты өткізу үшін мына кеңестерге құлақ ас:

1. Күн тәртібін сақта ⏰

  • Демалыс болса да, ұйқы режимін қатты бұзба. Ерте жатып, ерте тұру — сергектіктің кепілі.

  • Күніңді жоспарла: кітап оқуға, ойынға және үй шаруасына арнайы уақыт бөл.

2. Таза ауа — тән саулығы 🌳

  • Күніне кем дегенде 1-2 сағат далада серуенде. Көктемгі күн шуағынан D витаминін ал.

  • Белсенді қозғалыста бол: волейбол, футбол ойна немесе жай ғана таза ауада серуенде.

3. Қауіпсіздік ережелері ⚠️

  • Жолда абай бол: Көшеде жүру ережелерін қатаң сақта.

  • Су қоймаларынан алыс жүр: Көктемде мұздың жұқаратынын және су деңгейінің көтерілетінін ұмытпа.

  • Бейтаныс адамдармен сөйлеспе: Көшеде немесе интернетте бейтаныс жандармен байланыс орнатқанда сақ бол.

4. Цифрлық гигиена 📱

  • Телефон мен компьютер алдында 1,5–2 сағаттан артық отырма.

  • Әлеуметтік желілердің орнына жанды араласуды (достарыңмен, туыстарыңмен) таңда.

5. Өзіңді дамыт 📚

  • Оқу жылында қолың тимеген қызықты кітапты оқып шық.

  • Жаңа хобби тап: сурет сал, қолөнермен айналыс немесе жаңа цифрлық бағдарламаларды меңгер.

]]>
admin Tue, 24 Mar 2026 11:30:29 +0600
«Бала болашағы – бірлескен жауапкершілік» тақырыбында 11 "Ә" сынып https://16-semey.edu.kz/dstemelk-zhmystar/orytyndy-attestattau/2959-bala-bolashay-brlesken-zhauapkershlk-tayrybynda-11-synyp.html https://16-semey.edu.kz/dstemelk-zhmystar/orytyndy-attestattau/2959-bala-bolashay-brlesken-zhauapkershlk-tayrybynda-11-synyp.html «Бала болашағы – бірлескен жауапкершілік» тақырыбында 11 "Ә" сынып оқушылары, ата-аналары және пән мұғалімдерінің қатысуымен мазмұнды әрі тағылымды жиналыс өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты – мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, түлектердің алдағы ҰБТ-ға дайындығы мен кәсіби бағдарын бірлесе талқылау болды. Оқу ісінің орынбасары П.К.Райстанованың ұйымдастыруымен өткен жиналыстың ұтымды жері-"Блоб ағашы" әдісі болды. Үш жақты талдау арқылы, баланың дайындық барысын туралы ашық пікір айту алаңы болды. 
]]>
Жиналыс барысында сол сияқты пән мұғалімдері әр оқушының үлгерімі мен дайындық деңгейіне тоқталып, алдағы емтихандарға жүйелі дайындалу жолдарын ұсынды.
Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен қолдаудың маңызын атап өтті. Әсіресе, жасөспірімдердің психологиялық жағдайына көңіл бөлу, сенімді қарым-қатынас орнату, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен талқыланды.
 Бұл ашық диалог форматындағы кездесу тараптардың бір-бірін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Негізгі көтерілген мәселелер:
ҰБТ-ға дайындық жоспары
Кәсіби бағдар беру
Психологиялық қолдау
Мектеп пен ата-ана арасындағы тұрақты байланыс
Оқушының жеке жауапкершілігін арттыру.
Жиналыс соңында «Бала болашағы – бірлескен жауапкершілік» қағидасы негізінде нақты шешімдер қабылданып, ата-аналар мен мұғалімдер арасында өзара ынтымақтастықты күшейту туралы ортақ келісім жасалды.
Осындай бірлескен жұмыстар ғана оқушының саналы тұлға болып қалыптасуына, өмірлік жолын дұрыс таңдауына және жарқын болашағына берік негіз қалайды.]]>
admin Fri, 20 Feb 2026 12:17:18 +0600
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС: "БАЛАЛАРҒА ҰБТ ТАПСЫРУҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?» https://16-semey.edu.kz/roditelyam/keester/2996-ata-analara-kees-balalara-bt-tapsyrua-alaj-kmektesuge-bolady.html https://16-semey.edu.kz/roditelyam/keester/2996-ata-analara-kees-balalara-bt-tapsyrua-alaj-kmektesuge-bolady.html АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС: "БАЛАЛАРҒА ҰБТ ТАПСЫРУҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?»  ҰБТ нәтижелеріне ата-аналардың қолдауы жиі әсер етеді. Егер қамқор ана мен әке баласына (сөзбен де, іспен де) көмектесуге тырысса, емтиханды сәтті тапсыру ықтималдығы артады. Керісінше: ата-аналардың немқұрайлылығы қарапайым нәтижелерге әкеледі. Бұл мақалада біз ҰБТ-ға дайындық кезінде ата-аналарға арналған негізгі кеңестерді қарастырамыз.Балаға қысым жасамаңыз
Біріншіден, сіз бір қарапайым нәрсені түсінуіңіз керек: балалардың мүмкіндіктері шексіз емес. Әрине, әрқайсымыз оның баласының ең ақылды және табысты болғанын, жақсы оқығанын қалаймыз. Алайда, сіздің жоғары үміттеріңіз кейде оқушыға қатты қысым жасайды.
Баладан тым көп талап етпеңіз! Бұл тәсіл тек жүйке бұзылуына әкеледі. Сіз жоғары сынып оқушыларының қабілеттерін нақты бағалауыңыз керек және оған ешқандай қысым жасамаңыз.

]]>
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС: "БАЛАЛАРҒА ҰБТ ТАПСЫРУҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?» ҰБТ нәтижелеріне ата-аналардың қолдауы жиі әсер етеді. Егер қамқор ана мен әке баласына (сөзбен де, іспен де) көмектесуге тырысса, емтиханды сәтті тапсыру ықтималдығы артады. Керісінше: ата-аналардың немқұрайлылығы қарапайым нәтижелерге әкеледі. Бұл мақалада біз ҰБТ-ға дайындық кезінде ата-аналарға арналған негізгі кеңестерді қарастырамыз.
Балаға қысым жасамаңыз
Біріншіден, сіз бір қарапайым нәрсені түсінуіңіз керек: балалардың мүмкіндіктері шексіз емес. Әрине, әрқайсымыз оның баласының ең ақылды және табысты болғанын, жақсы оқығанын қалаймыз. Алайда, сіздің жоғары үміттеріңіз кейде оқушыға қатты қысым жасайды.
Баладан тым көп талап етпеңіз! Бұл тәсіл тек жүйке бұзылуына әкеледі. Сіз жоғары сынып оқушыларының қабілеттерін нақты бағалауыңыз керек және оған ешқандай қысым жасамаңыз.
Жаймен сөйлеңіз, айқайламаңыз.
Ешбір жағдайда балаға айқайламаңыз және оны ренжітпеңіз! Егер қандай да бір мәселелер мен қиындықтар туындаса, оларды тыныш талқылаңыз. Ересек адам ретінде жоғары сынып оқушысымен диалог жүргізуге үйреніңіз: бұл жағдайда оқушы өзін құрметтейтінін сезінеді және оның пікірі ескеріледі. Уақыт өте келе бақылаудың деспотикалық әдістері депрессияға және моральдық сарқылуға әкеледі, бұл дайындыққа теріс әсер етеді.
Оқуға үйреніңіз
Егер оқушы бір тақырыпты нашар түсінсе, оған берілген тақырыптағы тапсырманы орындап бермеуіңіз керек,  оның міндетті осы тапсырманы өз бетінше шешу. Баланы қиын мәселені өз бетінше шешуге итермелеуге тырысыңыз. Осыдан кейін ғана сіз оған қателіктерді көрсетіп, түсініксіз сәттерді айта аласыз. Дауысты көтерместен бәрін түсінікті тілде түсіндіру маңызды.
Баланы дәмді тағаммен қуантыңыз
Әрине, Сіздің ұлыңыздың немесе қызыңыздың сүйікті тағамдары бар. Оларды жиі дайындаңыз! Сіз   өз махаббатыңызбен бен қолдауыңызды көрсетіңіз. Жоғары сынып оқушысын оның нәтижелеріне қарамастан қуанту маңызды. Дәмді тағам мектеп оқушысына оқу, проблемалар мен алдағы ҰБТ туралы ұмытып кетуге көмектеседі.
Мақтаңыз!
Баланың мотивациясын жоғалтпауы үшін оны үнемі жігерлендіріп, кез-келген, тіпті ең кішкентай жетістіктер үшін мадақтау керек. Мысалы, сынақ ҰБТ-ны сәтті тапсырғаны үшін Сіз жоғары сынып оқушысына шағын сыйлық сыйлай аласыз немесе көтермелеу ретінде қалта шығындарына аздап  ақша бере аласыз. Сондай-ақ, сіз балаға толық демалыс күнін ұйымдастыра аласыз, оның барысында оған емтихандар туралы ештеңе еске түсірмейді.
Кесте туралы ойланыңыз
Баламен бірге оңтайлы дайындық кестесін құруды ұсынамыз. Бұл жағдайда келесі мәселелерге ерекше назар аудару керек:
* Оқушының демалуға және достарымен кездесуге уақыты болуы керек.
* Күн сайын таза ауада уақыт өткізу керек: серуендеу қуаттандырады және проблемалардан арылуға көмектеседі.
* Орта мектеп оқушысы күніне кемінде 8 сағат ұйықтауы керек.
* Бала ҰБТ-ға дайындалуға ғана емес, үй тапсырмасын да орындауға үлгеруі тиіс.
* Жоғары сынып оқушысын үй бойынша міндеттермен жүктемеу керек.
Мектеп оқушысымен жоспардың барлық даулы тұстарын талқылауды ұмытпаңыз, оның тілектерін тыңдаңыз.
Оны тыныштандырғышпен асыра алмаңыз
Емтихан алдындағы толқу-бұл қалыпты жағдай!  Балаңызға әр түрлі седативтерді шексіз мөлшерде бермеңіз. Олардың көпшілігі ақыл-ой белсенділігін баяулатады және ұйқышылдықты тудырады, бұл ҰБТ-ға дайындық кезінде мүлдем жағымсыз. Кез-келген дәрі-дәрмекті қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Балаға тағы қалай көмектесуге болады
Ата-аналарға арналған тағы бірнеше кеңестер:
* Тітіркендіргіштерді азайтыңыз, баланың смартфонға алаңдамайтынына көз жеткізіңіз. Дайындық кезінде үйде мүмкіндігінше тыныштықты қамтамасыз ету маңызды.
* Баланы босаңсыту әдістеріне үйретіңіз. Мысалы, тыныс алу жаттығулары демалуға көмектеседі.
* Ешқашан ұл/қызды басқа мектеп оқушыларымен салыстырмаңыз. Бұл тек тітіркенуді тудырады, тырысуды қалайды.
ҰБТ дайындаудағы ата-аналардың рөлін асыра бағалау қиын. Қолдаудың болмауы орта мектеп оқушысының психикасына және оның нәтижелеріне теріс әсер етеді. Жақындарыңыздың қамқорлығы мен назары ғажайыптар жасай алады және баланы ерлікке шабыттандырады!

]]>
admin Thu, 19 Feb 2026 09:37:57 +0600
6-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг https://16-semey.edu.kz/aparat/2904-6-synyp-oushylaryny-ata-analaryna-arnalan-trening.html https://16-semey.edu.kz/aparat/2904-6-synyp-oushylaryny-ata-analaryna-arnalan-trening.html Тренинг тақырыбы: «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» Ата-аналарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл тренинг барысында ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы, баланың жеке кеңістігін құрметтеу, сондай-ақ отбасында қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру жолдары жан-жақты талқыланды. Жауапты сынып жетекшілер:Байгельдина М.Т.Канапиянова А.Ж.Омаргазина М.К.Аскатқызы В. Педагог-психолог: Садуакасова Д.Г.
]]>
Тренинг тақырыбы: «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» Ата-аналарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл тренинг барысында ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы, баланың жеке кеңістігін құрметтеу, сондай-ақ отбасында қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру жолдары жан-жақты талқыланды. Жауапты сынып жетекшілер:Байгельдина М.Т.Канапиянова А.Ж.Омаргазина М.К.Аскатқызы В. Педагог-психолог: Садуакасова Д.Г.]]> admin Tue, 27 Jan 2026 23:10:29 +0600