Әлеуметтік жобалар » Страница 5 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
9”А”сыныбында «Лудомания» қауіпсіздік сабағы «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары»
09
февраль
2026
9”А”сыныбында «Лудомания» қауіпсіздік сабағы «Жедел жәрдем нөмірлері
9”А”сыныбында «Лудомания» тақырыбында  қауіпсіздік сабағы «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары» тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты:Лудомания ұғымының мәнін түсіндіру, ойынға тәуелділіктің адам өмірі мен болашағына тигізетін зиянды әсерін ұғындыру, қауіпті әдеттерден сақтану дағдыларын қалыптастыру. Өткізген: 3 курс студенті Аймақова Аяулым
«Нархоз»  университетінің кәсіби бағдар беруші
03
февраль
2026
«Нархоз» университетінің кәсіби бағдар беруші
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Нархоз»  университетінің кәсіби бағдар беруші маманы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында университетте білім алу мүмкіндіктері, оқу үдерісінің ерекшеліктері, мамандық түрлері және қос диплом алу мүмкіндігі туралы кеңінен ақпарат ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Әсел
8 «А» сыныбында «Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
29
January
2026
8 «А» сыныбында «Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты оқушыларға буллинг ұғымының мәнін түсіндіру, оның алдын алу жолдарын көрсету, буллингке қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру, өзара сыйластыққа, мейірімділікке және жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.Шәкәрім университетінің 3-курс студенттері, Ф-303 және ХБ-303 топтарының білім алушылары Ондасын Назерке мен Тоқтасынова Шырын өткізді. Семей
"Даналық мектебі" аясында "Жеті атасын білген ұл, жеті елдің қамын жер" атты алқалы жиын
28
January
2026
"Даналық мектебі" аясында "Жеті атасын білген ұл, жеті елдің қамын
Қаңтар айының 28 жұлдызында  "Даналық мектебі" аясында  "Жеті атасын білген ұл, жеті елдің қамын жер" атты алқалы жиын өтті.  Жиынның мақсаты: Шежірені, әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін талқылау. Жиын барысында "Даналық мектебі" оқушыларымыздың аталары  шежіренің сырын, мағынасын ашып, қан тазалығы ұлт болашағы екені туралы, әулет тарихын білудің мәнін түсіндіріп ой бөлісті.
📚“Заңды білу-өз құқығыңды қорғау” тақырыбында 7 “В” сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті.
28
January
2026
📚“Заңды білу-өз құқығыңды қорғау” тақырыбында 7 “В” сыныбында ашық
📌Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсініп, заңды құрметтеуге бағытталды. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының негізгі заңдары, бала құқықтары, жауапкершілік түрлері туралы мағлұмат алып, өмірде кездесетін жағдаяттар арқылы өз құқықтарын қорғау жолдарын үйренді. Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, әділдікке, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға баулуға ықпал етті.  📚Сынып жетекшісі:
6-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг
27
January
2026
6-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг
Тренинг тақырыбы: «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» Ата-аналарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл тренинг барысында ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы, баланың жеке кеңістігін құрметтеу, сондай-ақ отбасында қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру жолдары жан-жақты талқыланды. Жауапты сынып жетекшілер:Байгельдина М.Т.Канапиянова А.Ж.Омаргазина М.К.Аскатқызы В. Педагог-психолог: Садуакасова Д.Г.
Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейге танымдық экскурсия
27
January
2026
Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейге танымдық экскурсия
10 «А» сынып оқушылары Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейге танымдық экскурсия жасады.  Экскурсия барысында оқушылар ұлы жазушы Фёдор Михайлович Достоевскийдің Семей қаласындағы өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ даласымен рухани байланысы туралы құнды мағлұматтар алды.  Экскурсия барысында әдебиет пен тарихтың өзара сабақтастығы айқын көрініс тапты. Аталған мәдени іс-шара 10 «А» сынып оқушылары үшін тағылымы мол, әсерлі кездесу болды. Мұндай танымдық сапарлар
9 "Б" сыныбында "Адал азамат – жарқын болашақ кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
26
January
2026
9 "Б" сыныбында "Адал азамат – жарқын болашақ кепілі" тақырыбында
“Заң және тәртіп” айлығы шеңберінде  9 "Б" сыныбында "Адал азамат – жарқын болашақ кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.  Тәрбие сағаты оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік ұғымдарының мәнін түсіндіру, адал азамат болудың қоғам үшін маңызын ұғындыру, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Семей қаласы    #Адал_азамат_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
5 "А”сынып оқушылары  "Ерлік және еңбек даңқы" музейіне
22
January
2026
5 "А”сынып оқушылары "Ерлік және еңбек даңқы" музейіне
5 "А”сынып оқушылары  "Ерлік және еңбек даңқы" музейіне барды. Музейде Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен танысып, соғыста  жанқиярлық ерлік көрсеткен батырларымыз жайлы мағлұмат алып қайтты. Бұл танымдық сабақтың егемен елдің жас жеткіншектеріне патриоттық тәрбие беруде маңызы зор болды. Сынып жетекшісі: А.Қ.Хамитова Семей қаласы    #Адал_азамат_Абай_облысы_Семей #АПҚО_Абай_облысы_Семей #Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей #Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Семей
«Білім - болашақ кепілі: 9- сынып жауапкершілік кезең»  9- сынып ата-аналарының жина
22
January
2026
«Білім - болашақ кепілі: 9- сынып жауапкершілік кезең» 9- сынып
 «Білім - болашақ кепілі: 9- сынып жауапкершілік кезең» атты 9- сынып ата-аналарының жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша педагог-психолог жасөспірімдердің  мінез-құлық ерекшеліктері туралы хабарлама жасады. Кәсіби бағдар беруші ата-аналарға кәсіби бағдар туралы қосымша мәліметтер ұсынып, колледж өкілдері таныстырылым жасады. Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.К. Райстанова қорытынды аттестаттау, ББМЖ бойынша ақпарат беріп, таңдау пәндері таныстырды.