«ТӘЖІРИБЕМІЗБЕН АЛМАСАМЫЗ» АПТАЛЫҒЫ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТӘЖІРИБЕМІЗБЕН АЛМАСАМЫЗ» АПТАЛЫҒЫ
25
январь
2019

«ТӘЖІРИБЕМІЗБЕН АЛМАСАМЫЗ» АПТАЛЫҒЫ

«Тәжірибемізбен алмасамыз» апталығы
2019 жылдың 21-25 қаңтар аралығында №1, №16, №25, №39 мектептері, №38 мектеп-лицейі мен №37 гимназияның  біліктілігі бірінші және жоғары санаттағы химия, биология, физика, информатика және математика пән мұғалімдері демонстрациялық сабақтар көрсетті. 
Бұл сабақтарға № 6, 9, 17, 31, 40, 3, 4, 8, 17, 2, 15, 18, 26,   23, 31, 36, 43, 36, 11, 22, 32, 44 мектептерінің осы пәндер бойынша мұғалімдері мен білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Апталықтың  барысында өзара тәжірибе алмасу,  мұғалімнің тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесіндегі жұмыс жүйесін зерделеу және жинақтау, оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелердің шешімін табудағы ізденіс жолдарын  қарау қарастырылды.
Мұғалімдер әріптестерінің сабақтарына қатысып бір-бірімен тәжірибе алмасқандарына, өздерінің педагогикалық қоржындарын  әдіс - тәсілдермен толықтырғандарына қуанышты болды және апталықтың кезеңінде сабақтардың ұйымдастырылуы үшін  осы мектептердің әкімшіліктері мен мұғалімдеріне үлкен алғыстарын білдірді.