Әдістемелік » Страница 7 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ой сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауының облыстық кезеңі
10
февраль
2026
«Ой сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Ой сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауының облыстық кезеңіне Семей қаласы мұғалімдерінің командасы құрамында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Есенова Жанар Есенқызы қатысып, команда Бас жүлдеге ие болды. Жанар Есенқызы І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ иеленді.
Шеберлік сабақ өтті
10
февраль
2026
Шеберлік сабақ өтті
Шеберлік сабақ өтті Мектебімізде 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Қалдықты өңдеу – табиғатты қорғау жолы» тақырыбында шеберлік сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениет қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Пән мұғалімі:  Хисамутдинова Ромия Ривхатовна Машықкер: Мұрат Лаура
"ЖаҺандық білім кеңістігіндегі ғылыммен өнердің тоғысы" атты он күндігіні
09
февраль
2026
"ЖаҺандық білім кеңістігіндегі ғылыммен өнердің тоғысы" атты он
09 ақпан күні Жаратылыстану пән бірлестігінің "ЖаҺандық білім кеңістігіндегі ғылыммен өнердің тоғысы" атты он күндігінің аясында 5 А сыныбында жаратылыстану пәнінен "Өсімдік тіршілігіндегі фотосинтездің рөлі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің қоректену типтерін ажыратады; Фотосинтез үдерісімен танысады Адам үшін оттегінің маңыздылығын біледі; Пән мұғалімі: Аканова Маржан Муратовна
7-8-сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
06
февраль
2026
7-8-сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндерден
 Жалпы білім беретін мектептердің 7-8-сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 8-сынып оқушысы Ермекбай Іңкәр география пәнінен қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Жетекшісі - география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Құралай Болатқызы Ожанова.
7 сыныптар арасында «Биология әлеміне саяхат» атты жарыс
03
февраль
2026
7 сыныптар арасында «Биология әлеміне саяхат» атты жарыс
Жаратылыстану пән бірлестігінің "ЖаҺандық білім кеңістігіндегі ғылым мен өнердің тоғысы" атты он күндігінің аясында 7 сыныптар арасында «Биология әлеміне саяхат» атты жарыс өтті. Мақсаты: білім алушылардың ғылым мен өнердің өзара сабақтастығын түсінуін қалыптастыра отырып, жаратылыстану пәндері арқылы олардың шығармашылық, зерттеушілік және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, жаһандық білім кеңістігіндегі заманауи ғылыми үрдістерге қызығушылығын арттыру.Жарыстың нәтижесінде:•    1 орынды ұпай
«Шебердің шағын жұмысы» бұйымды қысқа уақыт ішінде жасау жолы
02
февраль
2026
«Шебердің шағын жұмысы» бұйымды қысқа уақыт ішінде жасау жолы
Жаратылыстану және көркем еңбек онкүндігі аясында 02.02.2026 ж. «Шебердің шағын жұмысы» бұйымды қысқа уақыт ішінде жасау жолын көрсете отырып, қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қолөнерге қызығушылығын арттыру және дайын нәтижеге тез қол жеткізуіне мүмкіндік беру   атты іс-шара өткізілді. Шара барысында  Қарапайым әрі тез орындалатын бұйымды үйрету Шебердің әдіс-әсілдерін ықшам форматта көрсету Өз қолымен жасап көруге  мүмкіндік  болып  жасаған бұйымдары сыйға
"ЖаҺандық білім кеңістігіндегі ғылыммен өнердің тоғысы" атты он күндігінің ашылуы
02
февраль
2026
"ЖаҺандық білім кеңістігіндегі ғылыммен өнердің тоғысы" атты он
02 ақпан күні Жаратылыстану пән бірлестігінің "ЖаҺандық білім кеңістігіндегі ғылыммен өнердің тоғысы" атты он күндігінің ашылуы өтті.        Мақсаты: білім алушылардың ғылым мен өнердің өзара сабақтастығын түсінуін қалыптастыра отырып, жаратылыстану пәндері арқылы олардың шығармашылық, зерттеушілік және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, жаһандық білім кеңістігіндегі заманауи ғылыми үрдістерге қызығушылығын арттыру.
«І.Жансүгіров оқулары» және «Мұқағали оқулары» байқауының қалалық кезеңі
30
январь
2026
«І.Жансүгіров оқулары» және «Мұқағали оқулары» байқауының қалалық
Жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары арасында өткен республикалық «І.Жансүгіров оқулары» және «Мұқағали оқулары» байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Облыстық кезеңге өткен 8 «А» сынып оқушысы Бекжан Каусарға сәттілік тілейміз! 
«QUIZTIME» интеллектуалды сайысы өтті
28
январь
2026
«QUIZTIME» интеллектуалды сайысы өтті
«STEM бағыты аясында білім алушылардың командалық жұмысын, көшбасшылығын және IT құзыреттіліктерін дамыту» онкүндігі аясында 10–11 сынып оқушылары арасында «QUIZTIME» атты интеллектуалды сыныптан тыс сайыс ұйымдастырылды.Сайыс барысында оқушылар білімдерін саралап, логикалық ойлау қабілеттерін, жылдамдық пен командалық жұмыс дағдыларын көрсете білді. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеді. Сайыс қорытындысы бойынша: I орын – 10 «Ә» сыныбы II орын – 11 «А» сыныбы III
9 “А” сынып “Есептен -өмірге, заңдылықтан -тәжірибеге атты сыныптан тыс іс-шара
27
январь
2026
9 “А” сынып “Есептен -өмірге, заңдылықтан -тәжірибеге атты сыныптан
Математика,информатика және физика онкүндігі аясында 9 “А” сынып оқушыларымен “Есептен -өмірге, заңдылықтан -тәжірибеге атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар математикалық, физикалық, логикалық сұрақтарға ауызша жауап беріп, сондай-ақ көрнекі қарапайым тәжірибелер көрсетіліп оған физикалық тұрғыдан жауап берді. Іс-шара Шәкәрім университетінің “Физика“ мамандығы бойынша машықкерлермен бірлесе ұйымдастырылды.