02
сентябрь
2024
2024-2025 оқу жылында қыздарға міндетті мектеп формасы
2024-2025 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ақпарат
Сіздерге 2024-2025 оқу жылында оқушыларға арналған міндетті мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына және 2023 жылғы 7 тамыздағы №250 бұйрығымен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес бекітілгенін хабарлаймыз. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкес реттеледі.
♻️ Қыздардың мектеп формасы:
- Негізгі киімдер: пиджак, жилет, юбка (көк немесе қара түсті), шалбар, классикалық жейде.
- Қосымша киімдер: түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска.
- Қысқы мезгілде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка.
- Шалбар: еркін тігілген және тобықты жауып тұрады.
