Мектептің ішкі тәртіп ЕРЕЖЕСІ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2018

Мектептің ішкі тәртіп ЕРЕЖЕСІ

                                                                      
31.08.2018 ж. №1 педагогикалық кеңесте бекітілді

Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің ішкі тәртіп
ЕРЕЖЕСІ
  1.  Жалпы ереже
  2. Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын міндетті талаптар, жаңа оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процестерін ұйымдастырудың ерекшеліктері  туралы әдістемелік нұсқау хат негізінде жасалды.
  3. Осы ереже мектеп оқушыларына арналған оқу кестесін, мектеп формасы мен жалпы сырт пішінге арналған бірыңғай талапты, оқушының және оның ата – анасы немесе заңды өкілінің міндеті мен құқығын, мектеп ғимараты мен айналасындағы тәртіпті, сонымен қатар мектептен тыс іс – шараларды белгілейді.
  4. Ереженің мақсаты – оқушының әкімшілік, мектеп ұжымы педагогикалық қызметкерлермен және оқушының ата – анасымен немесе заңды өкілдерімен өзара құрмет негізінде қарым – қатынас жасау арқылы  академиялық және әлеуметтік өсуін  қамтамасыз ете отырып қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қалыптастыру. 
  5. Мектептің жұмыс тәртібі
  6. Оқу жылының ұзақтығы:
  7. 2-11 сынып оқушылары үшін 34 оқу аптасы;
  8. Мектепалды даярлық пен 1 сыныпта 32 оқу аптасы;
  9. Оқу жылы барысындағы каникулдар:
  10. 1 – 11(12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы каникул – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз 2 сәуірді қоса алғанда)
  11. Мектепалды сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан 2019 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз 4 сәуірді қоса алғанда)
  12. Мектепалды және 1 сыныптарда: 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4 – 10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.
  13. Оқу процесін ұйымдастыру
  14.  Сабақтың басталуы І ауысымда 08.00 , ІІ ауысымда – 14.00 
  15.  Сабақтар мектеп директоры бекіткен сабақ кестесі арқылы жүргізіледі.
  16.  Сабақ ұзақтығы – 40 минут.
  17.  Қоңырау уақыты санитарлық нормаға сәйкес мектеп директорының бұйрығымен анықталады.
  18. Сабақтар төмендегі жел жылдамдығымен температуралар бойынша сабақтар тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден аспаған жағдайда:
  • 28С және одан төмен жағдайда 1 – 4 сыныптарда;
  • 320С және одан төмен жағдайда 5 – 9 сыныптар;
  • 340С және одан төмен жағдайда 10 – 11 сыныптарда.
Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден жоғары болған жағдайда:
  • 230С және одан төмен жағдайда 1 – 4 сыныптарда;
  • 270С және одан төмен жағдайда 5 – 9 сыныптарда;
  • 290С және одан төмен жағдайда 10 – 11 сыныптарда;
  • 170С және одан төмен жағдайда таза ауада оқушыларға сабақты өткізу тоқтатылсын.
3.Оқушының сырт келбетіне және мектеп формасына қойылатын талаптар
  1. Киім міндетті түрде таза, үтіктелген, аяқ киімі тазартылған болу керек;  сыртқы келбет жалпы мектеп бекіткен ережеге сай болып жағымсыз жағдайлардан аулақ болуы керек (шаш, бет, қол таза әрі күтілген, пайдаланатын иіс сулар жеңіл немесе нейтралды болуды қажет етеді)
  2. Бірыңғай мектеп формасы мектептің ата – аналардың келісімімен бекітілген.
  3. Мектеп формасына қойылатын талаптар:
  4. Киім стилі - ер балалар үшін көк пен сұр түсті кофта мен жилет, ақ түсті көйлек, қою көк түсті шалбар, галстук, қыз балалар үшін көк пен сұр түсті кофта мен жилет, ақ кофта, қою көк түсті белдемше, күн суытқанда қыз балаларға классикалық үлгідегі қою көк түсті шалбар, галстук, ашық немесе қара түсті колготки.
  5. Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып екіге бөлінеді.
  6. Спорттық киімдер: спорттық киімдерге футболка, спорттық костюм, кроссовки жатады. Форма ауа райы мен дене шынықтыру сабағының қайда өтетіндіктеріне байланысты болады. Спорт киімдері тек дене шынықтыру сабағында, спорттық мерекелер мен жарыстарда киіледі.
  7. Сабақ уақытында төмендегідей киім мен аяқ киімдерді киюге тыйым салынады: спорттық киімдер (дене шынықтыру сабағы болмаған кезде), жеңіл –желпі демалысқа арналған киімдер (шолақ шалбар, майкалар мен суреті бар футболкалар); жағажайға арналған киімдер; маталы көйлектер; ашық көйлектер; жакет немесе пиджаксыз көйлектер; қысқа юбкалар  (ұзындығы тізеден 10 см жоғары болу қажет); кіндіктен жоғары жейделер; денеге тар шалбарлар, джинсы; спорттық аяқ киімдер; жағажай аяқ киімдері; биік өкшелі туфлилер киюге тыйым салынады; қыздарға арналған аяқ киімнің өкшесінің биіктігі 5-9 сынып қыздары үшін 5 см-ден , 10-11 сынып қыздары үшін 7 см-ден жоғары болмауы керек.
           10 – 11 сыныптардың оқушылары  АӘД сабағына арнайы форма киеді. 
  1. Шаш үлгісі: 
           Қыздар үшін: ұзын шашты қыздардың шаштары өрілген, орташа ұзындықта қыстырғыш заттармен жинаулы.
           Ұлдар үшін: ұлдар мен жасөспірімдердің шаштары  классикалық түрде қиылған болу керек.
           Ұлдар мен жасөспірімдерге, қыздарға шаштарын түрлі түсті бояумен бояуға, ұлдар мен жасөспірімдерге шаш үлгісінде ұзын шаш қалдыруға, жазулар, белгілер, суреттер мен өрнектер салуға қатаң тиым салынады.   
  1. Қыздарға тырнақтарын түрлі – түсті лактармен бояуға, тырнақтарын өсіруге, жасанды тырнақ, тырнақтарына әшекей тастар, сурет, жасанды кірпік жапсыруға, пирсинг жасауға, боянуға қатаң тыйым салынады.
  2. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа – бас киімдері және т.б.) және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынады.
  3. Оқушының міндеттері мен құқықтары
  4.  Оқушының құқығы:
  5. Оқу бағдарламасына сай сапалы білім алуға;
  6. Қауіпсіз, қолайлы ортада білім алуға, кемсіту мен келемеждеуге жол бермей еркін жүруге;
  7. Оқу үлгерімі мен оқу процесі туралы мағлұмат алуға;
  8. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына қатысуға;
  9. Ақпараттық қорлармен, спорттық, акт залдарымен, кітапхана, компьютерлік сыныптармен тегін жұмыс жасауға;
  10. Оқу мен шығармашылық, спорттық жетістігі үшін марапатталуға;
  11. Сабақ арасындағы үзілісте және каникул күндерінде демалуға;
  12. Мектепте өтетін курстардан ақпарат алуға, мамандардан педагогикалық -  психологиялық  және медициналық көмек алуға;
  13. Бір мектептен екінші мектепке ауысуға;
  14. Тәртіп бұзылғанда қандай шара қолданылатынын алдын – ала білуге;
  15. Оқушы міндеті:
  16. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне, мектеп Жарғысына, педагогикалық кеңестің және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының шешіміне, қауіпсіздік техникалық, өрт қауіпсіздігі туралы ережелеріне бағынуға; 
  17. Сабақты себепсіз босатпауға;
  18. Мектептің оқу бағдарламасындағы құзыреттілікті меңгеруге;
  19. Оқушылармен, педагогикалық ұжымның   педагог қызметкерлерімен, жұмысшыларымен   үнемі сыпайы, әділетті, қайырымды, мейірімді қарым - қатынас жасауға;
  20. Ата-анасына сабақ үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар етуге;
  21. Мектеп оқушыларын құрметтеуге, намысы мен ар - ұжданына  тимеуге;
  22. Мектептің бірыңғай мектеп формасына сай киінуге;
  23. Денсаулығын күтіп, рухани және физикалық тұрғыда өзін – өзі жетілдіруге;
  24. Мектептің мүлкін, оқулықтарын,   кітаптарын, оқу құралдарын, музыкалық және техникалық аспаптарды, спорттық құралдарын бүлдірмей күтіп, ғимаратта (сынып бөлмесі, кітапхана, асхана, спорт зал, дәліз, акт залы, әжетхана, т.б.) тазалық сақтауға;
  25. Мектеп әкімшілігі мен ұжым мүшелерін өмір қауіпсіздігіне, денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар орын алғанда бірден хабарлауға; 
  26. Мектеп гимннін жатқа білуге
  27. Оқу процесінде тыйым салынады:
1) Мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз сабаққа бөгде адамның қатысуына;
2) Оқушының сабаққа кір және мектеп формасына сай емес киіммен келуіне;
3) Құмар ойындарды (карта, т.б.) ойнауға қатаң тыйым салынады. Құмар ойынын ойнаған жағдайда мектеп әкімшілігі оқушыны заң органдарына тапсыруға құқылы.
  1. Оқушы тәртібінің ережесі
  2. 5 – 11 сынып оқушылары сабақ басталардан 10-15 минут бұрын келіп, киімін киім ілгішке өткізеді
  3. 1-11 сынып оқушыларының күнделікті бірыңғай мектеп формасы және аяқ киімі талапқа сай, таза болуы керек.
  4. Оқушы сабаққа қажетті оқулықтар және құрал-жабдықтары салынған сөмкемен келуі керек; кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты азайту мақсатында мектепте смартфондарды, гаджеттерді, қымбатты ұялы телефондарды (қарапайым телефонды қоспағанда) ұстауға тыйым салынады. 
  5. Мінез - құлықтың жалпы ережелері:
  6. Оқушы қоңырауға дейін сыныпқа кіріп, орнына отырып, сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын дайындап отыруы керек. Сабақ қоңырау соғылғанда басталады.
  7. Қоңырау соғылғаннан кейін кешігіп кіруге болмайды.
  8. Оқушы сабақты босатқан, ауырған жағдайда сынып жетекшісіне анықтама қағазын алып келуі қажет. Егер отбасылық жағдаймен  сабақ босатса алдын – ала ата - анасы мектеп директорына жазбаша түрде өтініш жазуы тиіс. Спорттық жарыстарға, конкурстарға, байқауларға қатысқан жағдайда, ұйымдастырушылар алдын – ала мектеп әкімшілігін хабардар етуі керек. Сабақты себепсіз босатқан оқушы тәртіп бұзған болып есептелінеді.
  9. Сабақ процесі кезінде оқушы директордың   орынбасарларының рұқсатымен сол күнгі сабақтан босатылады. Сынып жетекшісі оқушыны сабақтан жібергені туралы ата-анасына хабардар етуі керек.
  10. Мектеп оқушылары «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасын бұлжытпай орындауы тиіс.
  11. Сабақтағы оқушының мінез – құлқы:
  12. Сабақ қоңырау соғылғанда басталады.
  13. Сабаққа кешігуге тыйым салынады. Кешіккен жағдайда мектеп әкімшілігінің атына кешіккен себебін айтып, түсініктеме жазады.
  14. Сабақта міндетті түрде оқулық, дәптер, күнделік, жұмыс дәптері, т.б. құрал – жабдықтар болуы керек. 
  15. Оқушы сабаққа үй тапсырмасын міндетті түрде орындап келуі керек. 
  16. Оқушы мұғалім сыныпқа кіргенде орнынан тұрып амандасады.
  17. Сабақта оқушыларға берілген тапсырмаларды, бақылау, зертханалық, сарамандық жұмыстарды бір – біріне көшіртуге қатаң тыйым салынады.
  18. Сабақтың өту барысында кедергі жасаған оқушылар туралы пән мұғалімі мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісіне хабарлама жасайды.
  19. Оқушы пән мұғалімінің рұқсатынсыз сабақтан шығып кетуге қатаң тыйым салынады. 
  20. Әр оқу кабинеттерінде оқушы еңбекті қорғау ережелеріне бағынып, қатаң сақтауы тиіс.
  21. Оқушы үй тапсырмасын күнделікке жазып алуға міндетті.
  22. Оқушыға партада отырғанда, өз денсаулығы үшін түзу отыру ережесін үнемі сақтау керектігі ұсынылады.
  23. Сабақта сөйлесу құралдарын (ұялы телефондарды, планшет, смартфон, наушник, т.б.) жазатын диктафондарды, фотоаппараттарды, бейнекамераларды қолдануға қатаң тыйым салынады. Тәртіп бұзушылық деп есептелініп, заң органдарына тапсырылады.
  24. Үзіліс кезіндегі мінез – құлық:
Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:
           - үнемі тәртіп сақтау;
  1. Үзіліс кезінде оқушыға тыйым салынады:
  2. Қатты айқайлап, дөрекі сөйлеуге, балағаттауға;
  3. Алысып, бірін - бірі жұлқып, жүгіруге;
  4. Әжетханадағы мінез - құлық ережесі:
          Оқушы барлық санитарлық – гигиеналық талаптарын сақтап, унитазды ұқыпты пайдаланып, суды ағызып, дәретхана қағазын арнайы қоқыс жәшігіне салу.
                 Тыйым салынады:
  • Әжетхана ішіне жазып сызуға
  • Дәретхана қағазын шашуға
  • Әжетханада алысып ойнауға, түкіруге
  • Құрылғыларды талапқа сай қолданбай бүлдіруге;
  • Әжетхананы әңгімелесу орнына айналдыруға;
  • Киім ілетін жердегі мінез - құлық ережелері
           5-11 сынып оқушылары сырт киімдерін киім ілетін жерге өткізеді. Оқушының сырт киімінде міндетті түрде ілгегі және арнайы өзіне тән белгісі болуы шарт. Киімнің қалтасына ақша мен кілт, қолғап, бас киім, шарф, ұялы телефон салып қалдыруға болмайды.
  1. Мектеп асханасындағы мінез - құлық ережелері
  2. Оқушы асханаға үзіліс немесе бекітілген тамақтану уақытында ғана бара алады.
  3. Асханада жүгіруге, секіруге, бірін – бірі итеруге, кезекті бұзуға болмайды.
  4. Тамақ үстел басында отырып ішіледі. 
  5. Тамақты сыртқа шығарып дәлізде, далада, кабинетте ішуге болмайды.
  6. Оқушы тазалықты сақтауы керек:
  7. Тамаққа дейін және тамақтан кейін қолды сабындап жуу;
  8. Пайдаланылған  ыдысты арнайы орынға апаруы тиіс.
  9. Асхананың үстеліне кітап, дәптер, сөмке қоюға болмайды.
  10. Асханаға сырт киіммен кіруге тыйым салынады.
  11. Тамақтану мәдениетін сақтау:
  12. Күйіп қалмай, абайлап ішу;
  13. Асханадағы құралдарды ұқыпты пайдалану;
  14. Мектеп оқушысын көтермелеу
  15.  Оқушыны оқудағы, спорттық және өнердегі шығармашылық жетістігі, мектептің қоғамдық өмірінде белсенділік танытқаны үшін марапаттайды.
  16.  Мадақтаудың түрлері:
  17. Бейресми марапат
  18. Ресми марапат
  19. Қоғамдық марапат
  20. Жүлдені немесе дипломды марапаттау
  21. Мақала жазу
  22. Сертификатпен немесе кубокпен марапаттау
  23.  Қоғамдық марапаттар сыныпта, ата – аналар жиналысында, лездемеде, алғашқы және соңғы қоңырау, мерекелік салтанатты жиындарда беріледі.
  24. Мектеп директоры ішкі тәртіп ережесінен тыс марапаттардың түрін енгізе алады.
  25.  Жекелей және топтық марапаттаулар беріледі.
  26. Мектеп оқушысының жауапкершілігі
  27.  Тәртіптік теріс қылықтар үш түрге бөлінеді:
  28.  Шамалы
  29.  Маңызды
  30. Аса маңызды
  31. Шамалы теріс қылықтар:
  32. Сабақ уақытында тәртіпті бұзу;
  33. Сабаққа, мектепішілік шараларға кешігу (тоқсанына 3 реттен жоғары).
  34. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімнің рұқсатынсыз сабақтан кету;
  35. Сабаққа, таңдау курстарына, үйірме мен секцияларға себепсіз келмеу;
  36. Мектеп формасына сай киінбеу;
  37.  Мектеп ішінде бас киім және сырт киіммен жүру;
  38. Асхана, кітапхана, спорттық зал, зертхана, мультимедиялық кабинеттерде ережені бұзу;
  39. Мектеп аумағында тазалықты сақтамау;
  40. Сабаққа кедергі жасайтын ұялы телефондарды қолдану;
  41. Дөрекі , балағат сөздерді пайдалану;
  42. Тапсырманы көшіру, басқа біреудің жұмысын иемдену, рұқсат етілмеген заттарды пайдалану;
  43. Компьютермен жұмыс істеу ережесін бұзу;
  44. Маңызды теріс қылықтар:
  45. Шамалы теріс қылықтарды қайталау;
  46. Біреудің немесе мектептің затын сындыру, бұзу, ұрлау;
  47. Мектеп гимннін білмеу
  48. Балағаттау;
  49. Суық қару, жарылғыш заттарды мектепке алып келу;
  50. Басқа біреу үшін тапсырма орындау, көшіру, көшіруге беру, көмекші құралдарды пайдалану;
  51. Қоғамдық пайдалы еңбектен және сыныптан тыс іс – шаралардан, мәдени орындарға барудан бас тарту (сенбіліктер, тазалық жұмыстарынан, театр, кітапхана, музей, т.б.);
  52. Аса маңызды теріс қылықтар:
  53. Жоғарыдағы екі қателіктерді қайталау;
  54. Өзгенің ұлтына, діни, сенім – нанымдарына, ұлттық тіліне нұқсан келтіру;
  55. Сабаққа алкогольдік ішімдік ішіп келу, темекі, наркотикалық заттарды пайдалану;
  56.  Суық қаруды пайдалану;
  57. Мектептің мүлкіне зиян тигізу;
  58. Қорқыту, төбелес, бұзақылық, вандализм (бүлдіру), ақша бопсалау, ұрлық 
  59.  Мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда оқушымен мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы,  педагог – психолог жұмыс жүргізеді.
  60.  Ішкі тәртіп ережесі бұзылған жағдайда оқушыға қолданылатын шараны мектеп директоры шешеді.
  61. Оқушыға қолданылатын шаралар:
  62. Ескерту;
  63. Мектеп ішіне бақылауға алу;
  64. Мектептің педагог психологінің есебіне алынады
  65. Полиция бөліміне есепке қою
  66. Қала әкімі жанындағы комиссияға құжаттарын жіберу
  67. Мектептен шығару
  68. Оқушылардың ата – аналарымен немесе заңды өкілдерімен өзара қарым - қатынас ұйымдастыру:
  69.  Директор, педагог қызметкерлер, оқушылардың ата – аналарымен немесе заңды өкілдерімен  қарым – қатынасының  негізгі міндеті:          
  70. Ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;
  71. Ата-аналардың педагогикалық дағдыларын біліммен қаруландыру;
  72. Бала тәрбиесіне ата – ананың белсенді қатысуы.
  73. Директор, педагог қызметкерлердің, оқушылардың ата – аналарымен немесе заңды өкілдерімен  қарым – қатынасты  басшылыққа алады:
  74. Өз балалары мен сыныптағы оқушыларды тәрбиелеу үшін, отбасын зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
  75. Сыныпта бала тәрбиесіндегі рухани – адамгершілік потенциалын дамыту үшін бір шаңырақ астына топтастыру;
  76. Бірлесе жүргізген тәрбие беру қызметіндегі жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін талдау;
                 Мектеп директоры мен ұжым мүшелері оқушылардың тәртіптерін бақылап, заң өкілдеріне тәртіп бұзған оқушылар туралы хабарлама жасап, екіжақты бірлескен шешім шығарады.
                 Оқушының ата – аналарынан немесе заңды өкілдерінен сұхбат алуы мектеп ұжымы өкілінің қатысуымен өтуі керек.        
  1. Ата – аналарының немесе заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:
  2. Ата – аналар немесе заңды өкілдер құқылы:
  3. Өз баласының үлгерімі мен тәртібі туралы мәлімет алуға;
  4. Бала құқығы мен қызығушылығын қорғауға;
  5. Баласын басқа мектепке ауыстыруға;
  6. Оқушыға  қосымша білім алу үшін мектеппен келісім шартқа отыруға;
  7.  Ата – аналар немесе заңды өкілдердің міндеттері:
  8. Мектеп Жарғысын, жалпы ережені қатаң сақтауға, орындауға;
  9. Оқушыны оқытып, тәрбиелеуге үлесін қосуға;
  10. Зиянды әрекеттерден алыстатып, бала денсаулығын қадағалауға;
  11. Оқушы үшін интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерді қалыптастыруға;
  12. Баланың сабаққа уақытында келуіне;
  13. Сабақ уақытында ұялы телефон арқылы балаға хабарласып, мазаламау;
  14. Сабақтан себепсіз қалдырмауға, себепті жағдайда анықатама әкелуге;
  15. Әр тоқсан сайын мектепке келіп, ата – аналар жиналысына қатысып, оқушының сабақ үлгерімі туралы табельге қол қоюға;
  16. Оқушының сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуға;
  17. Педагог қызметкерлермен, сынып жетекшісімен алдын – ала келісіп, сабақтан тыс уақытта кездесуге;
  18. Ата – аналар комитетін сайлауға және құрамында болуға;
  19. Мектеп жұмысының жақсаруы үшін ұсыныстар айтуға;
  20. Мектепте қалыптасқан дәстүрді қолдауға;
  21. Педагог қызметкерлерді, жұмысшы қызметкерлерді сыйлауға;
  22. Баланың iс-әрекеттерiнен келтiрiлген залалды өтеуге (мектеп мүлкін және құрал – жабдықтарын бүлдiру) жауап беруге;
  23.  Даулы сұрақтарды шешу
  24. Оқушы жекелей ата – анасы немесе заңды өкілдері арқылы мектеп әкімшілігіне жүгінуге құқылы:
  25. Оқу үрдісіндегі өзгерістер, оқыту сапасы, кітапхана, асхана, медициналық қызмет көрсетудегі туындаған сұрақтармен өтініш беруге 
  26. Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің шағымы:
     Мектеп оқушысының берген шағымы міндетті түрде қаралып отырады.
  1. Мектеп әкімшілігі туралы құпия (анонимді) қаратпалар есепке алынбайды.
  2. Мектеп директоры оқушылармен олардың ата – аналары немесе заңды өкілдерін жеке қабылдау жүргізеді.
  3. Қорытынды ереже
  4. Жалпы ереже – мектеп әкімшілігіне, педагог қызметкерлерге, жұмысшы қызметкерлерге, оқушыларға, олардың ата – аналарына немесе заңды өкілдеріне арналған.
  5. Ішкі тәртіп ережесі оқушыларға олардың ата – аналары немесе заңды өкілдеріне сынып сағаттарында, ата – аналар жиналыстарында таныстырылады.
  6. Жалпы ережедегі реттелмеген мәселелер, мектеп және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген нормативтік актілеріне сәйкес шешіледі.