Ата-аналарға » Страница 8 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖОББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
04
февраль
2023
ЖОББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
«№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде орын алған оқушылар. Осымен бір жұмаға созылған жалпы орта білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өз мәресіне жетті. Төрт оқушы 2 орын, 14 оқушы 3 орын алды. Мектебіміз биіктен көріне берсін. Жеңістеріміз көп болсын!! ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Отбасы-тәрбиенің басты ұясы"  ата-аналар жиналысы
03
февраль
2023
"Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" ата-аналар жиналысы
7"В" сыныбында "Отбасы-тәрбиенің басты ұясы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналар "Мен қаншалықты жақсы баламды білемін?, "Қалай баланы дұрыс тәрбиелеу керек?" деген сұрақтарға ақылдасып, жауап беруге тырысты. Сынып жетекшісі: Арипбекова Ардак Чариповна. 
Ізгі тілектер күні
02
февраль
2023
Ізгі тілектер күні
Оқушылардың бір -біріне және ұстаздарына арналған ізгі тілектер бұрышы
Қамқоршылық кеңес отырысы
01
февраль
2023
Қамқоршылық кеңес отырысы
​ Семей қаласындағы Төлеубай Аманов атындағы 16 мектепте мектеп директоры Б. Қ. Құрманғалиева Қамқоршылық кеңесте 2022 жылда атқарылған жұмыстар, жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп берді. Қамқоршылық кеңес мүшесі «Айша-Бибі мәдени- ұлттық орталығының» директоры  Айман Ибраевна мектеп директорының жұмысына жоғары баға берді. Қамқоршылық кеңес төрағасы Дәурен Жұмағалиұлы алда атқарылатын  жұмыстарға тоқталды. 
Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс
01
февраль
2023
Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс
Көптеген зерттеулер жаңа піскен көкөністер ағзаның жалпы жағдайына, көңіл күйіне және сыртқы келбетіне жағымды әсер ететінін дәлелдеп отыр. Көкөністер созылмалы аурулар қаупін төмендетеді. Олардың ағзаға жетіспеуі күйзелістің пайда болуына ықпал етеді. Бұл жағдай орын алмас үшін күніне 5 көкөністен аз жемеу керек. Сондай-ақ, көкөністерді балғын түрінде немесе буға піскен күйінде жеу маңызды. Кез келген адамның тамақтану үлесінде (рацион) болуы керек көкөністерді ұсынамыз.
I жартыжылдықтың оқу-тәрбие жұмысы
27
январь
2023
I жартыжылдықтың оқу-тәрбие жұмысы
Данагүл Оралбайқызы жетекшілік ететін 5”В” сыныбында кезекті ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде I жартыжылдықтың оқу-тәрбие жұмысы бойынша қорытынды есебі қарастырылды. От, су, жол қауіпсіздік ережелері туралы да айтылды. Сынып ішіндегі әр түрлі мәселелер де назардан тыс қалмады. Жиналыстың басында сынып жетекші тәттілерге тілек жазып таратып, жағымды ахуал қалыптастырса, соңында кері байланыс ретінде ата-аналар стикерге пікірлерін жазды. 
"Білімнің биік шыңына жету" педконсилиум
26
январь
2023
"Білімнің биік шыңына жету" педконсилиум
"Мектеп, окушы, ата-ана ынтымақтастығын арттыру мақсатында: "Білімнің биік шыңына жету" тақырыбында мектеп бітіруші түлек "Алтын белгі" және Үздік аттестат үміткерлерінің  ата -аналармен пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігі қатысуымен педконсилиум өтті. Мектеп директоры Б.Қ. Құрманғалиева биылғы оқу жылындағы ҰБТ  өзгерістеріне тоқталып, алдағы уақытта дайындықты жетілдіруде ата ана ұстаздар бірлігін айтты. Ата-аналар тарапынанда қорытынды сөз алды: Дүйсенов Біржан пән мұғалімдеріне мектеп
Құқықтық және психологиялық көмек
19
январь
2023
Құқықтық және психологиялық көмек
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Әрбір бала қажеттілік туындаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 111 шұғыл қызметі телефонына хабарласа алады.Баланың және оның ата-анасының бұл нөмірге ұялы және қала телефондарынан хабарласу арқылы кез келген уақытта көмек алуға мүмкіндіктері бар.  "111" Шұғыл қызмет сенім телефоны арқылы құқықтық және психологиялық көмекті  тәулігіне 24 сағат бойы алуға болатындығы туралы мәлімет берілді.