01
август
2022
«Мектепке жол» республикалық акциясы
Бүгін жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуын жариялаймыз. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Бұл акция 1 август – 30 сентябрь аралығында осымен он бірінші жыл өткізіліп отыр.Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен, киіммен қамтылады.«Мектепке жол» акциясы 30 сентябрьке дейін жалғасатынын және оған белсенді қатысуға мүмкіндік бар екенін жеткізгіміз келеді
