29
март
2019
ReadX проект «Кітап-асыл қазына»
Күні: 04.03.2019ж | Мұғалімнің аты-жөні: А.М.Д. | |||
Сынып:7,8,9 | Қатысқандар саны: 40 | |||
Жобаның тақырыбы: Read X проект «Кітап-асыл қазына» | ||||
Өту түрі: Жарнама | ||||
Жобаның мақсаты | Көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін меңгеру және рухани мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету. Кітаптан алған білім арқылы әлемді тануға болатыны ұғындыру. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Танымы жоғары, бiлiмі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениеттi қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру. | |||
Күтілетін нәтиже | Оқушылардың сабақтан тыс уақытта көркем шығарма оқуға қызығушылығы артады; оқыған көркем туынды арқылы оқушы бойында рухани құндылығы қалыптасады сана сезімі жетіліп, жақсыны үйренеді, жаманнан жиренеді. Кітап оқу арқылы ой түйіп,оқиғаға көзқарасын білдіре алады, кейіпкерлер ісіне баға береді, өзіндік пікірі қалыптасады, жағдайға сыни тұрғыдан қарай алады, өмірге бейімделеді. | |||
Жобаның өтілу барысы Ресурстар | ||||
Жобаның басы | Кітап оқудың пайдасы неде? /Көрермендер жауабы/ «Таңшолпан» бағдарламасынан «Кітап оқудың пайдасы» тақырыбындағы бейнебаян көрсетіледі. | Кітап көрмесі Бейнебаян | ||
Жобаның ортасы | Ортаға 7-9 сыныптың кітапсүйер спикерлері шақырылады.
| С.Шаймерденов «Алтын сағат», О.Бөкей «Мұзтау», Ә. Кекілбаев «Бәсеке», Ә.Кекілбаев «Шыңырау». Су Сағат | ||
Жобаның аяғы | Обратная связь Төрт спикердің жарнамалаған шығармаларын оқимын деген оқырмандар өз ойымен бөліседі. Мұғалімнің қорытынды сөзі | «ReadX» проект ның шартты белгісі | ||
Рефлексия | Бүгін оқушылар не білді? Read X проект «Кітап-асыл қазына» О. Бөкейдің «Мұзтау», С.Шаймарденов «Алтын сағат», Ә.Кекілбаев «Бәсеке», «Шыңырау» шығармалары туралы білді. Көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтары артқаны байқалды. Мен үшін табысты болған екі нәрсе не?
| |||
Қорытынды бағамдау | Оқушылардың оқыған көркем шығармаларын «жарнамалау» әдістерін жетілдіру. Болашақта көркем шығармаларды оқуға ұсыну барысында, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Себебі, жобаның басында Ә.Кекілбаевтың бірнеше шығармаларын оқуға ұсынылғанда, оқушылар шығарманың мазмұнын түсініп, баяндап беруде қиындықтар туындағандықтан автордың «Бәсеке», «Шыңырау» шығармалары ғана таңдалып алынды. Болашақта осы жарнамаланған 4 шығарманың қайсысын жақын арада оқисын деген сұраққа оқырмандардың 81% С.Шаймерденовтың «Алтын сағат» әңгімесін атады. |
