04
октябрь
2024
Республикалық «Лучший сынып жетекші» байқауы
Республикалық «Лучший сынып жетекші» байқауы аяқталды. Байқау 2-4 октябрь аралығында Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің Воспитательная работаы және қосымша білім беру департаментінің ұйымдастыруымен өтті. Еліміздің әр түкпірінен 100 сынып жетекші қатысып, өздерінің үздік тәрбие жұмыстары мен тәжірибелерін ортаға салды. Байқаудың мақсаты — тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерін, әдістерін, технологияларын анықтау, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату. Электротехникалық колледждің оқытушысы Шынарбек Шыңғыс бас жүлде иеленсе, Семей қаласы Т.Аманов атындағы №16 мектеп мұғалімі Арайлым Аубакирова 3-орын алды. «Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз» номинациясымен Семей қаласы № 44 ЖОББМ мұғалімі Айгерим Манбекова және Аягөз ауданы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі Самал Сарсембекова марапатталды. Байқау онлайн форматта өтті. Педагогтер өзін-өзі таныстырып, кейс сессияларында үздік тәжірибелерін талдады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша өз жобаларын ұсынды.
