"Ата кәсіп – берекенің бастауы" кездесу » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » "Ата кәсіп – берекенің бастауы" кездесу
18
октябрь
2024

"Ата кәсіп – берекенің бастауы" кездесу

"Даналық мектебі" клубы жұмысы аясында 18 октябрь күні 7-8 сынып оқушыларына арналған "Ата кәсіп – берекенің бастауы" тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Шара барысында оқушылар жергілікті аталармен жүздесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен кәсіби жолдары туралы әңгімелерін тыңдады. Кездесудің негізгі мақсаты – мамандық таңдауда ата-баба ақылының, олардың еңбек жолы мен өмірлік тәлімінің маңыздылығын түсіндіру. Аталар оқушыларға өздерінің еңбекке деген көзқарастары мен тәжірибелері арқылы адал еңбек пен ұлттық кәсіпті жалғастырудың берекеге апарар жол екенін жеткізді.
Сұрақ-жауап форматында өткен шарада оқушылар өздеріне қызықты сауалдарын қойып, кәсіби бағдар алудың, ата кәсіпті заманауи тұрғыда дамытудың жолдары туралы пікір алмасты. Кездесу жас ұрпақтың болашақ мамандықты таңдауда дұрыс бағыт-бағдар алуына және ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруіне септігін тигізді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив