“Буллингке жол жоқ” тақырыбында суреттер салу байқау
Мектебімізде “Буллингке жол жоқ” тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың назарын буллинг мәселесіне аудару, оның зиянды салдарын түсіндіру және бұл әлеуметтік құбылысқа қарсы тұруға шақыру болды. Іс-шараны мектептің педагог-психологы Садвакасова Д.Г. ұйымдастырып, оқушыларға буллингтің адам психикасына тигізетін кері әсері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Байқауға әр түрлі жас ерекшеліктеріндегі оқушылар қатысып, өз көзқарастарын шығармашылық жұмыстары арқылы жеткізді.
Оқушылар салған суреттер буллингтің алдын алу, достық пен өзара құрметті насихаттау тақырыптарын қамтыды. Әрбір жұмыс ерекше ой мен сезімге толы болып, балалардың буллингке деген көзқарасын бейнеледі. Байқау соңында қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.
Бұл шара оқушылардың буллингке деген қарсылығын нығайтып, оларды мейірімділікке, бір-біріне қамқор болуға шақырды. Мұндай байқаулар мектеп ортасында қауіпсіз, достық қарым-қатынас орнатуға өз үлесін қосады.
