Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні: Рухани құндылықтарды дәріптеу
18 март күні мектебімізде "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күні жоғары деңгейде аталып өтті. Іс-шараға 9А және 9Ә сынып оқушылары белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты. Мерекелік шара барысында қазақ халқының мәдениеті мен өнері кеңінен насихатталды. Оқушылар жарапазан әнін шырқап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, асық ату, арқан тарту сайыстары қызықты әрі тартысты өтті.
Мерекенің сәнін қыздар шашу шашып, дәстүрлі нақышта безендірілген сахнада ұлттық киім үлгілерін көрсетумен арттырды. Бұл күні оқушылар қазақтың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеуге ерекше көңіл бөлді. Шараға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар да белсене қатысып, оқушылардың өнеріне тәнті болды. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған бұл мереке әр қатысушыға ұмытылмас әсер қалдырды.
Мереке соңында ұлттық ойындарға қатысқан жеңімпаздар марапатталып, алғыс хаттар табысталды. "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күні оқушылардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сезімді оятты. Бұл іс-шара халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеу жолындағы маңызды қадам болды.

