“Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » “Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы
02
апрель
2025

“Болашаққа кітаппен” кітапханалық сабағы

2-апрель – Халықаралық балалар кітабы күніне орай, N16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында 8-сынып оқушыларына арналған “Болашаққа кітаппен” атты кітапханалық сабақ өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітап – білім мен тәрбиенің қайнар көзі, ал оны сүйіп, құрметтеу – әрбір оқушының міндеті. Сабақ барысында оқушыларға әлемдік және қазақ әдебиетінің үздік шығармалары таныстырылып, олардың мазмұны талқыланды. Сондай-ақ, оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, әдеби викторинаға қатысты. Библиотекашылар кітапты таза ұстау мен дұрыс пайдалану туралы кеңестер берді. Шара барысында көрме ұйымдастырылып, түрлі жанрдағы шығармалар ұсынылды. Оқушылар жаңа кітаптармен танысып, олардың мазмұнына қызығушылық танытты. Кітапқа деген сүйіспеншілік – білімге деген құштарлықтың бастауы екені тағы бір дәлелденді. Осындай шаралар оқушылардың рухани дамуына оң ықпал етіп, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырады. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив