Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион
14
март
2025

Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион

Мектебімізде «Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион» тақырыбында 6 «Б» және 5 «В» сыныптарының ата-аналарына арналған танымдық шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастырып, балалардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету. Жауапты мұғалімдер Байгульжина Жазира Маратовна мен Байгельдина Молдир Толеукадыровна ата-аналарға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндірді. Кездесуде пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы, тамақтану рационын құру жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ата-аналар балалардың физикалық және психикалық дамуына әсер ететін негізгі қоректік заттар жайлы мағлұмат алды. Мамандар домжағдайында салауатты ас мәзірін дайындау бойынша кеңестер ұсынып, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа тигізер пайдасын айтты. Қатысушылар отбасылық дастархан дәстүрінің маңызын талқылап, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Бұл кездесудің нәтижесінде ата-аналар балаларының дұрыс тамақтану әдетін қалыптастырудың маңыздылығын түсінді. Осындай шаралар салауатты ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив