05
май
2025
«Ұлы жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шара
2025 жылдың 5 май күні Төлеубай Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!" атты бірыңғай ерлік сабағы өтті. Бұл сабақ «Ұлы жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Іс-шара 9 "Ә" сыныбында әскери қызметшілер мен Қарулы Күштер ардагерлерінің қатысуымен өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ардагерлермен жүздесіп, олардың ерлік жолы туралы тың ақпараттар алды. Қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызын атап өтті. Оқушылар жауынгерлік рухты сезініп, соғыс жылдарындағы қиыншылықтар туралы бейнероликтер тамашалады. Сонымен қатар, өлеңдер оқылып, тарихи көріністер көрсетілді. Ерлік сабақтары жас буынның бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттырды. Шара #Жеңіскебірге және #ВместеКПобеде хэштегтері арқылы әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда жарияланды. Мұндай тәрбиелік мәні зор сабақтар – тарихты ұмытпай, ұрпаққа үлгі болар істердің бірегейі.
