15
май
2025
“Алаш арыстары – М.Әуезов” мұражайына танымдық экскурсия
15 май 2025 жылы Халықаралық музей күніне орай 8 "А" сынып оқушылары “Алаш арыстары – М.Әуезов” мұражайына танымдық экскурсия жасады. Іс-шара барысында Алаш зиялыларының ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз еңбегі, туған тіл мен мәдениетті сақтап, дамыту жолындағы қызметі туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Оқушылар Алаш қозғалысы, Алаш партиясы мен үкіметінің тарихтағы орны, олардың ел болашағы үшін жасаған қайсар істері жайлы терең мағлұмат алды. Бұл экскурсия жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін нығайтып, тарихқа деген қызығушылығын арттырды. Сынып жетекшісі: А.А. Бектұрсынова