05
сентябрь
2025
9-11 сынып оқушылары 5 сентябрь – Қазақстан халқының тілдері
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары 5 сентябрь – Қазақстан халқының тілдері күніне орай, қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А. Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазды.Мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында ұйымдастырылған жалпықазақстандық ашық диктантқа 165 оқушы қатысты.
