26
сентябрь
2025
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аймақтық турнирі
2025 жылдың 25-26 сентябрь күндері аралығында мемлекет қайраткері, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аймақтық турнирі «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚҚ, ұйымдастыруымен 28738 әскери бөлімінде өз мәресіне жетті. Жарысқа он екі команда қатысты. №16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББ мектеп оқушылары өздерін әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша бақтарын сынап, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтаудан I дәрежелі, пневматикалық мылтықтан ату, әскерилендірілген эстафетадан III дәрежелі облыстық турнирінің жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, Ф-1 оқулық гранатасын нысанаға лақтырудан Кәкімқызы Балжан -1 орын, 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру -2 орындарды иеленсе, Омарова Толғанай АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, пневматикалық мылтықтан атудан 3-орынды қанжығасына байлады. Мектебіміздің жас патриоттарына алдыда болатын жарыстарға толағай табыстар тілейміз! Әскери жетекшісі запастағы капитан Чурчитбаев Е. М.

