14
май
2026
«Азаматтық қорғаныс аясында»жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу
Мектебімізде «Азаматтық қорғаныс аясында» ТЖ жоспарына сәйкес жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне сейсмикалық қауіпсіздік шаралары, эвакуациялау тәртібі түсіндіріліп, дабыл белгісі бойынша қауіпсіз аймаққа шығу жұмыстары ұйымдастырылды. 1-қабаттағы оқушылар алғашқы дабыл белгісімен эвакуацияланса, 2-3 қабаттағы оқушылар қауіпсіз орындарға жасырынды. Екінші дабыл белгісінен кейін барлық оқушылар мен қызметкерлер эвакуациялық сызбаға сәйкес мектеп аумағындағы футбол алаңына шығарылды. Пән мұғалімдері оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түгелдеу жұмыстарын жүргізді. Оқу-жаттығу жоспарға сай ұйымдасқан түрде өткізілді. Қауіпсіздік — баршамызға ортақ міндет! АӘжТД оқытушы - ұйымдастырушысы: запастағы майор Е.М.Чурчитбаев.


