29
июнь
2020
МЕКТЕБІМІЗДІҢ ЕНТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Семей қаласында июнь айының 26 өткізілген мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуі аяқталды. Тестілеу дезинфекциялық режімді сақтаумен өткізілді. ЕНТ өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ, мектеп оқушылары ЕНТ өткізу Ережелерін қатаң сақтады, осыған байланысты ЕНТ тапсыру кезінде түлектерді тестілеуден шығарып жіберу жағдайлары орын алған жоқ. Ата-аналардың ent-onlain.kz. сілтемесі бойынша аудиториядағы тестілеу барысын бақылап отыру мүмкіндіктері болды. Барлығы 1374 оқушы ЕНТ-ға қатысты.Түлектерді ЕНТ сәтті тапсыруларымен құттықтаймыз!ЕНТ қорытындысынан елімізде орын алып отырған жағдайға қарамастан, түлектердің көпшілігі мектепте оқыған кезде алған білімдерін көрсетуге мұқият, тиянақты дайындалғандығы көрінді. Қажымай еңбектенген сағаттар артта қалды. Алдыда – оқуын жалғастыруға тілек білдірген түлектер жоғары оқу орнына түседі. Бұл ендігі – мамандық таңдау, жинақталған балға қатысты тиісті оқу орнын таңдап алу дегенді білдіреді.
Мақсаттарыңыз орындалып, өмірлік жолдарыңызды дұрыс таңдауларыңызға тілектеспіз!


