Информация » Страница 33 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
Құттықтаймыз!
17
октябрь
2025
Құттықтаймыз!
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінде «Читательская грамотность» бағыты бойынша үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ орын иеленген бастауыш сынып мұғалімі Дулатова Жадыра Дәулетқызы өз кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде дәлелдеді. Бұл жетістік – ұстаздың шығармашылық ізденісі мен оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы еңбегінің нәтижесі. Әріптесімізге шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
17
октябрь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Республикалық жас тарихшылардың"Менің кіші Отаным"сайысының қалалық кезеңінің "Менің өлкемнің символдары" сайысы наминациясы бойынша  "№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"КММ 9 А сынып оқушысы Мейрамханова Дильназ ll-орын, "Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы"наминациясы бойынша ll-орын иегері 9 А сынып оқушысы Кеңесхан Әмина , жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші Токтарова Амангул Токанбековна
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
17
октябрь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Республикалық жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" сайысының қалалық кезеңінің "Менің кіші Отанымның болашағы: жобалар сайысы" номинациясы бойынша жеңімпазы  "№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 10 А сынып оқушысы Солтанғазина Анель, жетекшісі тарих пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Имангожина Назгул Турсынгазиновна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“Step Into Poetry” атты байқау
17
октябрь
2025
“Step Into Poetry” атты байқау
Ағылшын тілі апталығы аясында 6-сыныптар арасында “Step Into Poetry” атты байқау өткізілді. Бұл шараға 6 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптарының оқушылары белсене қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Қатысушылар сүйікті өлеңдері мен тақпақтарын мәнерлеп оқып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Барлығы 8 оқушы қатысып, олардың арасынан үздіктер анықталды. Жеңімпаздарға І, ІІ және ІІІ дәрежелі орындар беріліп, қалған қатысушыларға грамоталар табысталды. Пән мұғалімдері: Аскаткызы В. Мухаметжанова А.Д
Бейсен Жұмагелдин бұрышы жаңа жәдігермен толықты
17
октябрь
2025
Бейсен Жұмагелдин бұрышы жаңа жәдігермен толықты
Музей школында Бейсен Жұмагелдин бұрышы жаңа жәдігермен толықты. Батырдың туыстары оның өзі қолданған фото үлкейткіш құралын арнайы әкеліп, мұражай қорына табыстады. Бұл құнды зат оқушыларға өткенді тереңірек танып, тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін жақынырақ сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай жәдігерлер жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттыра түседі. 
"Ерлік пен еңбек даңқы"музейіне саяхат
16
октябрь
2025
"Ерлік пен еңбек даңқы"музейіне саяхат
Бүгін 2 "Ә" сыныбы қаламыздағы 40 жылдық тарихы бар "Ерлік пен еңбек даңқы"музейіне барды. Бұл музей жастар үшін тек тарихи дерек қоры емес, сонымен қатар тәрбие мектебі. Ол жастар бойында отансүйгіштік, азаматтық,жауапкершілік,еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады. Сынып жетекшісі:Асанова М.О
Қайнау. Меншікті булану жылуы. Қайнау температурасының ішкі қысымға тәуелділігі  ашық сабақ
15
октябрь
2025
Қайнау. Меншікті булану жылуы. Қайнау температурасының ішкі қысымға
“Қайнау. Меншікті булану жылуы. Қайнау температурасының ішкі қысымға тәуелділігі” тақырыбында физика пәні мұғалімі Б.Д.Хамитова 8”В” сыныбында ашық сабақ өткізді.  
«Күз әдемілігі» атты сән дефилесі
15
октябрь
2025
«Күз әдемілігі» атты сән дефилесі
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында дәстүрлі «Күз әдемілігі» атты сән дефилесі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру, табиғат сұлулығын сезіне білуге және сахна мәдениетін меңгеруге баулу болды.2"Ғ" сыныбынан қатысты. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«КҮЗ ӘДЕМІЛІГІ» Бастауыш сыныптар арасындағы сән defile
15
октябрь
2025
«КҮЗ ӘДЕМІЛІГІ» Бастауыш сыныптар арасындағы сән defile
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында дәстүрлі «Күз әдемілігі» атты сән дефилесі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру, табиғат сұлулығын сезіне білуге және сахна мәдениетін меңгеруге баулу болды. Байқау үш кезеңнен тұрды: 1️⃣ Таныстыру – әр сынып өз атауын және сән үлгісінің тақырыбын таныстырды. 2️⃣ Сән үлгісін көрсету – қатысушылар күзгі табиғи материалдардан жасалған ерекше киімдерін сахнада сәнмен