О школе » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
«ABU AQYLALANY» облыстық ғылыми жобалар байқауы
15
апрель
2026
«ABU AQYLALANY» облыстық ғылыми жобалар байқауы
2025 -2026 оқу жылының апрель айындағы мектеп окушылары арасындағы «ABU AQYLALANY» облыстық ғылыми жобалар байқауының “Экономика және құқық” секциясы бойынша 2-орын иегері 8 В “Жас сарбаз” сыныбының оқушысы Іңкәр Серікқазы жүлделі 2-орынды иеленді. Оқушының жұмысы жақсы бағаланып, 30 мың тг көлемінде қаржылай сыйлық берілді. Жетекшісі - көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-модератор  Серікқалиқызы Арайгүл.
“БІЗ ОРМАНДЫ ҚОРҒАЙМЫЗ!” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобы
15
апрель
2026
“БІЗ ОРМАНДЫ ҚОРҒАЙМЫЗ!” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобы
“Жасыл мектеп” бағыты аясында оқушылардың экологиялық сауаттылық деңгейін көтеру,табиғатқа жаңашырлық таныту,қоғамдық тазалыққа шақыру мақсатында  “БІЗ ОРМАНДЫ ҚОРҒАЙМЫЗ!” жалпы бірыңғай өңірлік экологиялық флешмобы #бізормандықорғаймыз #жасэкологтар  
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
14
апрель
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2026 жылдың 14 апрельінде Семей қаласының  физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 5-6-сынып оқушылары арасында өткен математика пәнінен Қ.Н.Нұрсұлтанов атындағы VIII облыстық олимпиаданың қалалық кезеңінде 5-сынып оқушысы Қайыржан Нұрали жүлделі ІІ орынды иеленді.  Жетекшісі - математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ж.Е. Нұрбаева
4-сынып оқушылары арасында пәндердік өткен облыстық олимпиада кезеңі
11
апрель
2026
4-сынып оқушылары арасында пәндердік өткен облыстық олимпиада кезеңі
4-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден өткен облыстық олимпиаданың қалалық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Елшат Төреәлі математика пәнінен, Ержанұлы Райс дүниетану пәнінен   жүлделі ІІ орындарды  иеленді. Жүлдегер оқушылардың пән мұғалімі – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Б.Байжұлданова.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
11
апрель
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
8 "Ә" сынып оқушысы Нурслям Нурали жасөспірімдер арасындағы бокстан облыс жаттықтырушыларын еске алу ашық облыстық турнирінде жүлделі 2 орын алды🥈құтты болсын!!!
"Алтын сақа" республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
10
апрель
2026
"Алтын сақа" республикалық математикалық олимпиадасының облыстық
3-4-сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 4-сынып оқушысы Елшат Төреәлі І орын иеленді. Пән мұғалімі - бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Б.Байжулданова. Елшат Төреәлі “Алтын сақа” республикалық  олимпиадасында Абай облысының намысын қорғайды. Сәттілік тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
09
апрель
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
3-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден өткен облыстық олимпиаданың қалалық кезеңінде "Дүниетану" пәнінен 3-сынып оқушысы Тлеухан Тлеужан (пән мұғалімі - педагог-сарапшы А.А.Тулепбергенова) ІІІ орын, "Қазақ тілі және әдебиеттік оқу" пәндерінен Марленқызы Асылай (пән мұғалімі - педагог-модератр Н.Г. Омирханова) ІІІ орын иеленді.
«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
06
апрель
2026
«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі
«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегерлерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 1) 10 «Ә» сынып оқушы Биғазы Дулат (жетекшісі – педагог-модератор А.С.Аубакирова) ІІ орын; 2) 10 «А» сынып оқушысы Солтанғазина Анель (жетекшісі – педагог-зерттеуші А.М.Султашева) ІІІ орын; 3) 10 «Ә» сынып оқушысы Нұрбағдатов Бауыржан (жетекшісі –  педагог-модератор А.С.Аубакирова) ІІІ орын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
03
апрель
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“MUSTAFA SEMEI” спорт клубының ашық  рейтингтік турнирінен 30 кг салмақ дәрежесінде 2 “Ә” сынып оқушысы Амангелді Арғын 2 орын иеленді  
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
28
март
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Түркістан қаласында өткен ZhuldyzArt халықаралық байқауынан, хореография номинациясы бойынша бас жүлде алған 2 “А” сынып оқушысы Сайлаубек Балым. Құттықтаймыз👏👏